Кеше облыстық Жастар ресурстар орталығында «Кітап құрттары» кітап клубының құрылғанына 4 жыл толуына орай «Kitap Qurttary Quiz» атты зияткерлік сайысы өтті. Бұл білім додасының басты мақсаты – жасөрендердің интеллектуалдық қабілетін арттыру және кітап оқу мәдениеттілігін барынша дәріптеу болып табылады. Білімге құштар жасөрендер басқосқан сайыстың ашылуына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, қатысушыларға өзінің жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ, «Кітап құрттары» клубының мүшелеріне арнайы алғыс білдіріп, жас ұрпақтың бойына білімге деген құштарлықты оятуда сүбелі үлес қосып келе жатқанын тілге тиек етті. Шара барысында қаладағы 34 мектептің озат деп танылған 10-11 сынып оқушылары интелектуалдық бағытта өзара сайысып, қызықты тапсырмаларды орындады.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар табыс етілді.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!