Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

10 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

10.01.2023

963 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. NUR.kz жұлдыз жорамалына сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жақындармен жанжалдасудан аулақ болыңыз, отбасылық мәселелерде ортақ мақсат үшін бірігіңіз. Отбасыңызға сеніңіз, қандай қиындыққа тап болсаң да, туыстарың саған тек жақсылық тілейді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Егер өзіңіз әсер ете алмайтын жайтқа алаңдасаңыз – аз да болса қайырымдылық жасаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз. Жанжалдар мен ұрыстардан аулақ болыңыз. Өкпе-реніш көп болса да, бүгін мәселені шешудің оңтайлы уақыты емес.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызға көмектесу үшін жоспарларды өзгертіңіз. Бүгін саяхаттамауға тырысыңыз, өйткені кішігірім қиындықтар болуы мүмкін. Бүгін жұмыста жағымды адаммен танысуыңыз ғажап емес. Мүмкін бұл жаңа қызметкер немесе менеджер болады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Ар-ұжданыңызбен мәміле жасауға тырыспаңыз: қалайтын және қолайлы жолмен емес, дұрыс жолды таңдап әрекет етіңіз, осылайша болашақта өзіңізді жазғырудың қажеті болмайды. Денсаулығыңыз жақсы болуы үшін оған көбірек мән беріңіз. Кешке спортпен шұғылдану жақсы ұйықтауға септік болмақ.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Өз балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл бала психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Өзіңіздің іс-әрекетіңіз арқылы ғана баланы тәрбиелеуге болады. Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізбен пікірлес адамдарды тауып, олармен біріге аласыз. Жұмысыңызда елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Жақсы танымайтын адамдармен абай болыңыз. Секонд-хенд дүкенінен жаңа нәрсе іздеуден ұялудың қажеті жоқ: ол жерде қолжетімді бағадағы сапалы заттар жиі кездеседі.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Көбірек су ішуге тырысыңыз, оның денсаулығыңызға қаншалықты оң әсер ететінін көресіз. Бүгін шай немесе кофе ішу үшін үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Адамдармен көбірек араласып, өзіңізге көп жүктеме алмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін спортпен айналысуға тамаша күн. Жалқаулыққа бой алдырмас үшін абонемент сатып алыңыз. Бұл денсаулыққа салынған үлкен инвестиция. Күйзеліске түсіретін жағдайлардан аулақ болыңыз, демалыңыз. Шығармашылықпен айналысыңыз немесе кішігірім сапарға шығыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Шығармашылық пен қиялыңызды көрсету қажет істерде жолыңыз болады. Егер сіз киім үлгісін өзгертуді жоспарласаңыз, бүгін осы бағытта алғашқы қадамдарды жасауға қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жоспарларыңызды тізетін күнделік жүргізіп отыруға тырысыңыз. Бұл сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен жауапкершілік қасиетіңізді арттыра түседі. Жұмыс күнінен кейін жаттығу залына барыңыз, бүгінгі жаттығу сізге ләззат сыйлайды. Жеңіл кешкі астың рационына жеміс қосыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Таңдаулы фотосуреттерді басып шығару және әдемі альбомға орналастыру арқылы телефоныңыздағы суреттердің көшірмесін жасаңыз. Телефоныңыз сынып қалып жатса, сіз өзіңізге қымбат естелік болар суреттерді жоғалтпайсыз. Бүгін сүйіктіңізге жағуға тырыспаңыз, өз мүддеңіз бен қағидаларға берік болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Барлық қаржыға қатысты мәселеңіз шешімін табады, бұл кірісті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіппен айналыспаңыз, ұсақ-түйектерге мұқият болыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: