Бейсенбі, 26 желтоқсан, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

10 сәуірге арналған жұлдыз жорамал

10.04.2024

1201 0

Сурет:pixabay

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқты

Егер досыңыз немесе қызыңыз ұзақ уақыт бойы хабарласпай кетсе, оларға барыңыз. Достарыңызға назар аударып, кездесу үйымдастырыңыз. Бүгін өзіңізге уақыт бөліп, сезіміңізге үңіліп көріңіз. Жан жарыңызға жүз пайыз сенімді болу үшін өз түйсігіңізді тыңдаңыз.

Торпақ

Дәмді, пайдалы тағам ішіп-жеуге уақыт арнаңыз. Таныс емес тағамдар мен сусындардың дәмін татып көріңіз.

Егіздер

Өз шығындарыңызды жазуды әдетке айналдырыңыз. Ақша жинақтау қаржылай сауатты, тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Ара қатынастағы жалығу – маңызды адамыңызбен ортақ мақсаттар мен мүдделер туралы ойлауға себеп. Жақын адамыңызбен серуендеп, жаңа жоспар, ортақ мақсаттар туралы айтып көріңіз.

Шаян

Жақын адамыңызды кездейсоқ ренжітіп алудан сақ болыңыз. Сезімдеріңізді айтыңыз, қатты эмоцияға берілмей, оны сіздің мүддеңізге сай әрекет етуге мәжбүрлемеңіз. Бүгін сіз жақындарыңызбен оңай тіл табысып, олармен көңілді кеш өткізесіз. Сізді бұрын мазалаған дүниелер болса талқылай аласыз. Жаңа нәрселерге ашық болыңыз.

Арыстан

Бастықтың сөзін тыңдағаннан кейін жұмыс орнында естігеніңізді талқылауға асықпаңыз. Әріптестеріңізден естігеніңіз туралы сөйлесер алдында ойланыңыз, әйтпесе компанияның мотивтері туралы басқа адамдардың пікіріне сенгеніңіз жұмыста кедергі келтіруі мұмкін.

Достардың ортасындағы әсерлі кештерге барыңыз. Жылылық пен сенім атмосферасын құруға тырысыңыз. Достарыңызға күлімсіреп, құшақтап, комплимент айтыңыз. Табиғат аясында серуендеуге уақыт бөліңіз.

Бикеш Жақын адамыңызбен романтикалық музыканы тыңдаңыз, кешкі серуенге барыңыз. Кешкі қалада серуенді әдемі ұйымдастырыңыз. Кәсіби мәртебеңізге мұқият қараңыз. Жауапкершілігіңізді кеңейту және мансабыңызды көтеру үшін жаңа нәрсе жасаудың уақыты келді.

Таразы

Сүйікті адамыңызбен кездесуді жоспарлаңыз, мүмкін сізді тосын сый күтіп тұр. Ата-аналар үшін сәл қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді бақылауда ұстаңыз, балаларыңызға қолдау көрсету маңызды.

Сарышаян

Егер сіз балаңызға ашу, жалғыздық, қорқыныш туралы өз сезімдеріңіз туралы айтқанда абай болыңыз. Олар әртүрлі қабылдайды. Балаларыңызбен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысыңыз. Жүрегіңізге назар аударыңыз: күйзеліс, уайым денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Мерген

Отбасы мүшелерінің арасындағы жанжалға жол бермеңіз. Балаларға қамқорлық жасауға тырысыңыз. Асықпаңыз, бәрін есептеп, жоспарлау керек. Сізге табандылық пен еңбекқорлық қажет, бұл – сіздің мақсаттарыңызға жетудің жалғыз жолы.

Тауешкі

Қарым-қатынасқа ашық болыңыз, бұл жеке өмірге оң әсер етеді. Бүгін ас қорыту жүйесінде ауырлықтар болуы мүмкін, диетаға назар аударыңыз және көбірек су ішіңіз.

Суқұйғыш

Бүгін жұмысыңызда қиындықтар болуы мүмкін. Жаңа жобалар бойынша тез шешім қабылдамаңыз. Әзірге тәуекел етпеңіз. Егер сіздің жақын адамыңыз болса, оның эмоцияларына назар аударып, мұқият болыңыз.

Балық

Бүгін сіздің өміріңізде жаңа шытырман оқиғалар болуы мүмкін. Сүйікті адамыңызбен сөйлескенде шыншыл және адал болуға тырысыңыз.

Ұйқыға назар аударыңыз: түнде кем дегенде сегіз сағат ұйықтаңыз (денсаулығыңыз үшін өте маңызды).

Ақпарат көзі:kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: