Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

13 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

13.02.2023

668 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жаныңызды жеген мазасыз ойлардан арылудың ең жақсы жолы – ойыңызды музыка, аудиокітап немесе подкастқа бұру. Тіпті бір сағат үйде сүйікті әніңізді тыңдау сіздің көңіл-күйіңізге оң әсер етеді. Тереңде тығылып жатқан балалық ерке сезімді оятыңыз. Қалаған затыңызды алуға өзіңізге тыйым салып жүрген болсаңыз, бүгін бұл қалауыңызды орындауға оңтайлы күн, өзіңізді қуантуды ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіздің екінші жартыңызға қаншалықты риза екеніңізді айтып қойыңыз. Еш қысылмаңыз, ол бұған мұқтаж. Өзіңіз қалаған нәрсеге жету үшін шыдамдылық, сабырлылық және табандылық көрсетіңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Дене бітіміңіздің кемшіліктерін киіммен жасыруға тырыспаңыз, керісінше артықшылықтарыңызды ерекшелеуге тырысыңыз. Бұл сіздің өзіңізді бағалауға және айналаңыздағы адамдардың сізді қабылдауына оң әсер етеді. Шопинг жасау үшін достарыңызды немесе отбасыңызды өзіңізбен бірге алыңыз, бүгін сізге олардың кеңестері қажет болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Күніңіз сәтті өтеді, сіз барынша кейінге қалдырып келген үй шаруаларына да күш-қуат пен ынта-жігер таба аласыз. Отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынас сыйластыққа негізделеді. Жақындарыңыз барлық идеяңызды қолдайды, көптеген істі бірге атқарасыздар.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Осы уақыт ішінде сізді қолдаған сүйікті адамыңызға рахмет айтуды ұмытпаңыз. Оған себепсіз сыйлық дайындаңыз. YouTube арнасында суретке түсуді үйрететін бейнесабақтарды қараңыз: фотосуретте әдемі болып шығу қаншалықты оңай екенін көресіз және сыртқы келбетіңізге сыни көзқарасыңыз азаяды.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өз қызметіңіздің аясын кеңейтуден қорықпаңыз, бұл жалақыңызды айтарлықтай өсіруге септік болады. Шешім шығаруға бейім болу барлық дерлік жетістікке жетуге көмектеседі. Достар мен одақтастар туралы ұмытпаңыз, олар қуана-қуана көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Барлық қаржыға қатысты мәселеңіз шешімін табады, бұл кірісті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіппен айналыспаңыз, ұсақ-түйектерге мұқият болыңыз. Мүмкіндігінше, өз денсаулығыңызды кешенді жоспарлы тексеруді ойластырыңыз. Ол кез келген ықтимал аурулардың алдын алады немесе дертті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін үй шаруасына қолайлы күн емес. Оны барынша кейінге қалдыруға тырысыңыз. Бүгін физикалық белсенділік үшін аса ыңғайлы күн емес, шаршап, жарақат алу қаупі бар.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жаңа достарға жақсы әсер қалдырыңыз. Болмысыңызды өзгертпеңіз. Шынайы әрекет етіңіз. Денсаулық пен өмір сапасы тікелей көңіл-күйге байланысты. Қатты көңіліңізді түсірмеңіз. Бұрыннан армандаған ісіңізді орындап, өзіңізді қуантыңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қиын жағдайда жалғыз қалудан қорықпаңыз: сізге көмектесетін және сөзбен де, іспен де қолдайтын жандар бар. Ұсыныс жасап, жан сырын ақтаратындар үшін қолайлы күн. Дайын болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Өткенді ойламай, жағымсыз ойлардан, жаман әдеттерден арылу арқылы өміріңізді жақсарта аласыз. Спортпен шындап айналысуға шешім қабылдаңыз, жаттығу залына абонемент сатып алыңыз. Достарыңыздың жеңістерін қызғанбаңыз. Олардың жетістіктері арқылы шабыттанып, тәжірибеден сабақ алыңыз, сонда сәттілік сізге серік болады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін спортпен айналысуға тамаша күн. Жалқаулыққа бой алдырмас үшін абонемент сатып алыңыз. Бұл денсаулыққа салынған үлкен инвестиция. Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз.

https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2008850-bugingi-zuldyz-zoramal-13-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: