Жексенбі, 24 қараша, 23:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

16 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

17.02.2023

711 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сізді әлдебір ой мазалап жүрсе, онда оны сүйікті адамыңызбен талқылаудан қашпаңыз. Серіктестіңіз сізге қажет көмек пен қолдауды көрсетеді. Тәжірибе үшін су мен электр энергиясын үнемдеуге тырысыңыз және бұл тәжірибе коммуналдық төлемдеріңізге қаншалықты әсер ететінін бақылап көріңіз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Сізге өзіңізді бағалай білуді үйрену керек, сіз көбінесе кемшіліктерге назар аудара отырып, сыртқы келбетіңіздің артықшылықтарын байқамайсыз. Сүйіктісін енді тапқан жандар одан не күтетініңізді айқындап алыңыз. Қалауыңызға мән беріңіз. Тек ашық әңгіме арқылы ғана дұрыс қарым-қатынас құруға болады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Күніңіздің тыныш өтуін қалағаныңызбен, олай бола қоймайды. Қарбалас тіршілік пен мәселені оңтайлы шешу қажеттілігі туындайды. Сізге жауап іздеуге, басқалармен келіссөздер жүргізуге, өтініштерді орындауға тура келеді. Достарыңызды ренжітіп алмаңыз, бүгін қандай эмоционалды күйде болсаңыз да, олар сіздің проблемаларыңызға кінәлі емес.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін достарыңызбен кездесуді кейінге қалдырғаныңыз дұрыс: олардың бірінің әңгіме-дүкен құруға көңіл-күйі болмай, нәтижесінде кездесу ойдағыдай өтпеуі мүмкін. Біз зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне күтім мен сәндік косметиканы қайта қарауға кеңес береміз: сіз өзіңізге сәйкес келмеу себебінен пайдаланбайтын көптеген өнімді жинаған болуыңыз мүкін.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бақыт тыныштықты жақсы көреді, сондықтан жеке өміріңізге қатысты сырыңызды ешкімге бөліспегеніңіз жөн, әсіресе бүгін. Бүгінгі күн қарбалас және бейберекет болады, жоспарлар сағат сайын өзгереді. Процесті қандай да бір жолмен басқару үшін күнделікке өзгертулер енгізіңіз, кездесулер мен қоңыраулар үшін уақыт қалдырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Отбасылық бюджетті жоспарлауға қолайлы күн. Үйіңіздегі ескі шамдарды заманауи, энергияны үнемдейтін шамдармен ауыстырыңыз: бұл сіздің бюджетіңіз үшін шағын, бірақ пайдалы инвестиция болмақ.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Сіз қиындықтарға кезігесіз, бірақ оларды оңай жеңесіз. Ең бастысы – дұрыс бағытқа күш салу, маңызды мәселелерге назар аудару және қосалқы тапсырмаларды кейінге қалдыру. Көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге ұялмаңыз: қандай да бір ортақ іске бей-жай қарамайтын адамдарды оңай табуға, біріктіруге және басқаруға болады. Сізге көмектесуге дайын ықпалды адамдар сіздің идеяларыңызды жақсы бағалайтын болады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Күн жағымды сәттерге толы болмақ. Егер сіз шағын мереке ұйымдастыруды жоспарласаңыз, достарыңызға қоңырау шалыңыз. Бір саусағы бүгулі жандар үшін күшіңізді сарп етпеңіз. Сізге нағыз дос емес жанмен қарым-қатынасты тоқтатудың кезі келді.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Дене бітіміңізге қарым-қатынасыңызды қайта қарастырыңыз: сіз өзіңізді көбірек жақсы көруіңіз керек. Күн сәтті және көңілді басталады. Оптимистік көзқарас табысқа жетуге көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңыздан көмек алудан тартынбаңыз, керісінше олар барынша көмек көрсетеді. Егер өзіңіз әсер ете алмайтын жайтқа алаңдасаңыз – аз да болса қайырымдылық жасаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Өз пікіріңізді қорғауға тырысып, сіз кейде жақын адамдарыңызға қатты сөйлеп қоюыңыз мүмкін. Жанжалдарды болдырмау үшін өзіңізді ұстаңыз және шыдамдылық танытыңыз. Күйбең тірлікке асықпаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Кешке компьютер мен смартфоннан өзіңізді аулақ ұстап, демалуды ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында шөп шай ішіңіз. Күйзеліске түсіретін жағдайлардан аулақ болыңыз, демалыңыз. Шығармашылықпен айналысыңыз немесе кішігірім сапарға шығыңыз.

https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2009464-bugingi-zuldyz-zoramal-16-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: