Сенбі, 16 қараша, 15:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

17 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

17.01.2024

618 0

Сурет: el.kz

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқты
Бүгін тоқтылар үшін сәтті күн болмақ. Ол үшін алдымен сіз өзіңізге сеніңіз. Дұрысы, сізге күрделі  жоспарларыңызға және өміріңіздегі жаңа өзгерістерге аса  көңіл бөлу қажет. Сабырлы болыңыз, көп жетістікке жетесіз. Қаржылық жағдайыңызға көңіл бөліңіз. Жақындарыңызға да жәрдемдесуді естен шығармағаныңыз абзал. Жұмыста, жеке өміріңізде жағымды жаңалықтар болуы мүмкін.

Торпақ 
Өз күшіңізге сеніңіз. Болашақта табысқа жеткіңіз келсе, дүрбелеңге салынбауға тырысыңыз. Табандылығыңыз  дәрежеңіздің өсуіне жағдай жасайды. Кешкі уақытыңызды сүйіктіңізбен өткізіңіз.

Егіздер
Бүгін жолыңыз болады. Бұған дейінгі барлық  қиындығыңыз өз шешімін тауып, ренжісіп жүрген адамдарыңызбен татуласасыз. Уақытты ұтымды түрде пайдаланыңыз. Жоспарлаған жұмыстарыңыз сәтті өтеді.

Шаян
Сіз үшін қарбаласқа толы күн болмақ. Егер отбасылы болсаңыз, тұрмыстық жауапкершіліктің жүгі артады. Үй  тірлігіне қатысты шаруалар шаш-етектен. Жұмысбастылығыңызға қарамастан, сүйіктіңіздің көңілінен шығуға тырысыңыз. Қаржылық жағынан қуанышты хабар түсіп, қалтаңыз қампаятын болады.

Арыстан
«Өмір өткелдерден тұрады, оны өжеттер ғана бұзады»  дегенді естен шығармаңыз. Мақсатқа жету қашан да оңай  емес. Жұмыстағы қиындықтар сүйіктіңізбен арадағы байланысқа да кедергісін келтіруі мүмкін. Қай істе де сабыр сақтаңыз. Бұл күннің сізге тартар сыйы бар, жағымды жаңалық күтіңіз. Көп уақытыңызды достарыңызбен өткізуге тырысыңыз. 

Бикеш
Жұлдыздар бикештерге бүгінгі күні тыныш, жайлы өмір сүруді ұсынады. Өзіңізге демалыс жариялап, ішкі  жан-дүниеңіздің қалыпқа келуін қадағалаңыз. Мол күш-қуат жинау үшін отбасыңызбен немесе достарыңызбен  көбірек болыңыз. 

Таразы
Жұмыста белсенділік танытып, жеке бастың  жағдайына көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Сыртқы келбетіңіз бен киім киісіңізге, тіпті, шаш үлгіңізге де өзгеріс енгізіп, 
күтіміңізді күшейтсеңіз, артық емес. Спорт – денсаулық  кепілі, таразылар жаттығу алаңдарынан табылып жатса, құба-құп.

Сарышаян
Сарышаяндар үшін бұл күн жұртшылық назарының  нысанына айналғалы тұр. Көпшілік арасынан ерекшеленіп,  көзге ілігесіз. Мүмкін, бұл сіздің әлеуметтік немесе кәсіби  дәрежеңіздің өсуіне байланысты болуы ықтимал. Мысалы, сізге жақсы қызмет ұсынуы мүмкін немесе тұрмыс құруға ұсыныс түсіп, тойдың кейіпкері атануыңыз да ғажап емес.

Мерген 
Кез келген күрделі және маңызды тапсырманы қабылдамас бұрын, оны орындауға уақытыңыздың бар-жоғына көз жеткізіп алыңыз.

Бүгін ғана емес, осы апта бойы сәттілікке жететініңізге сенімді боласыз.

Тауешкі
Алға қойған жоспарыңызға қажетті ақыл-кеңестерді жақындарыңыздан сұрап біліңіз. Бұл ақпарат алдағы уақытта өте қажет болуы мүмкін. Ескі суреттерді бір қарап шығыңыз, өзіңіз жақсы болып қаласыз. Мұнымен қатар, дәл қазір жалғыз қалып, миыңызды тынықтыратын уақыт.

Суқұйғыш
Сұйқұйғыштарға аянбай еңбек етуге тура келіп тұр. Айналаңыз ақпаратқа толы. Әсіресе, жағымсыз жаңалықтар жүйкеңізді жұқартады, бірақ оның бәріне төтеп беру  сіздің мықтылығыңызға байланысты. Сүйіктіңізбен ара  қатынасыңыз жақсарып, махаббат әлеміне аттанасыз.

Балық

Бүгін балықтар өзінің ерекше қасиеттерін көрсетпек. Жұлдыздар уақытыңызды үнемдеп, нақты материалдық қиындықтарды шешуіңізге кеңес береді. Көптен бері жаңа іс бастағыңыз келіп жүр. Ендеше, тартынбаңыз. Ойыңызды жүзеге асыру үшін бар болғаны күн тәртібін ретке келтіргеніңіз жөн.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: