Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

17 сәуірге арналған жұлдыз жорамал

17.04.2024

744 0

Сурет: pixabay

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқты

Ағзаға қажет дәрумендерді қабылдаңыз: олар денсаулығыңызға жақсы әсер етеді. Сондай-ақ жеке өміріңізде эмоционалды күйзелістен аулақ болуға тырысыңыз, жақындарыңыздың ешқайсысына бұл қажет емес.

Торпақ

Бүгін денсаулығыңызға және денеңізге ерекше назар аударыңыз. Таңғы жаттығу жасап, жиі қозғалыңыз.

Егер сізді жақын адамыңыздың өмірі алаңдатса, ұялмаңыз және қолдау көрсетіңіз. Ол бұны бағалайды.

Егіздер

Бүгін жолда сіз достарыңызды кездестіруіңіз мұмкін. Достарыңыздың кешке жоспарларын біліп, араласыңыз. Бүгін денеңізге көп көңіл бөліңіз: физикалық белсенділікті арттырыңыз. Бұл көңіл-күйге ерекше әсер етеді. сіз белсенділіктен бұрын-соңды болмаған ләззат аласыз.

Шаян

Бұл күні жұмыс ортасында оң өзгерістер болуы мүмкін. Еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік туады. Бүгін басқа қалалардан немесе елдерден жаңа достар табуға тамаша күн. Кездейсоқ танысулар болуы мүмкін.

Арыстан

Жылдың осы уақытында созылмалы аурулар өршуі мүмкін, кәсіби кеңес алу үшін дәрігерге барыңыз. Отбасыңызда жақсы қарым-қатынас орната аласыз, бұл жанұяда келісім мен сыйластықты арттырады.

Бикеш

Көңіліңізді қалдырған адамнан аулақ жүріңіз. Бір жерде болмауға, алыстан араласуға тырысыңыз.

Отбасында дау, жанжалдар туындауы мүмкін: жанжал, жағымсыз эмоциялар балалардың дұрыс емес қарым-қатынасынан болуы ықтимал. Оларды түсінуге тырысыңыз және ата-ана ретінде көзқарасыңызды айтыңыз.

Таразы

Жақын адамыңызға тым талғампаз болмаңыз, тырысып көруден қорықпаңыз. Өз адамыңызбен кездесуді күтеңіз. Бүгін отбасы мүшелеріне назар аударыңыз. Олардың эмоционалдық жағдайын түсініп көріңіз. Әңгіме-дүкен құрып, олармен бірге дастархан басына отырыңыз.

Сарышаян

Бүгін жақын адамыңыздан романтикалық сәттер күтпеңіз. Не ойлайтыныңызды оған ашық айтыңыз. Отбасыңызда әдеп ережелерін сақтауға тырысыңыз. Сіздің эмоцияңыз жаныңыздағы адамдарға кері әсер етуі мүмкін.

Мерген

Егер сіз суық тиіп ауырып қалсаңыз немесе вирустық инфекция жұқтырсаңыз, өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, көбірек демалуға тырысыңыз.

Достарыңыз күйзелісті жеңу үшін қолдау көрсетеді. Кез келген мәселені шешкенде достардың кеңесін де тыңдай біліңіз.

Тауешкі

Денсаулығыңызға сақ болыңыз. Артық жұмыс істемей, жұмыс күнінің кестесін ұстаныңыз. Бүгін идеяларыңызды жұмыс кезінде айтып көріңіз, бұл тамаша нәтиже береді.

Суқұйғыш

Достар қиын жағдайда қолдау көрсете алады. Олардың көмегін алудан тартынбаңыз. Әріптесіңіздің әрекетіне ренжуіңіз мүмкін. Бүгін кенеттен болатын жайттарға, тосын сыйларға дайын болыңыз.

Балықтар

Командаңыз үшін ең жақсы адамдарды таңдап, оларға тапсырмалар беріп көріңіз. Сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетуден аянып қалмаңыз. Өзіңізге ұнайтын адамдармен уақыт өткізіңіз, өз қалауларыңызға да уақыт бөліңіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: