Сәрсенбі, 04 желтоқсан, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

17 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

17.07.2023

748 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Сәндік себет немесе түрлі заттарды жинап қоюға арналған қорап сатып алыңыз. Қонақтар күтпеген жерден келіп қалса, шашылып жатқан заттарды жылдам қорапқа жинап, үйді тез тазалай алатын боласыз. Егер сіз үй жануарыңызды тым еркелетіп жіберген болсаңыз, бүгін оны тәртіпке үйретіп бастау үшін жақсы күн. Интернетте үй жануарларын жақсы мінез-құлыққа үйрету туралы көптеген кеңес бар.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Барлығы оңай шешіледі. Жасайтын іс көп, сондықтан олар бойынша шешім шығаруды кейінге қалдырмаңыз. Кешке қарай келісімге келу қиынырақ болады. Сақ болыңыз: созылмалы аурулар маусымға байланысты өршуі мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Сіз бүгін күйгелектік танытасыз, сондықтан демалуыңыз керек. Өзіңізді қызықтыратын іспен айналысыңыз. Жақындарға ұсақ-түйекке бола ренжімеудің ең жақсы тәсілі – олардың өзіңізге қаншалықты қымбат екенін түсіну. Осыны есте сақтасаңыз, орынсыз реніштер сейіледі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Үйіңіздегі ескі шамдарды заманауи, энергияны үнемдейтін шамдармен ауыстырыңыз: бұл сіздің бюджетіңіз үшін шағын, бірақ пайдалы инвестиция болмақ. Жұбайыңызбен арадағы проблеманы шешу үшін психологқа барған жөн. Бұл қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Әрекет етіңіз. Елмен араласып, жаңа таныстар табыңыз, бастаған жұмысыңыз бен тапсырмаларыңызды аяқтаңыз. Кез келген белгіге назар аударыңыз. Суық тигізіп алуыңыз ықтимал.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Жақсы досыңызбен кездесуді күтіңіз, онымен қарым-қатынастан ләззат алыңыз, әр сәтті бағалаңыз. Киім жуу кезінде киім күтіміне арналған өнімдерді қосып жуып көріңіз. Соның арқасында киіміңіз реңкін сақтап, сізге ұзақ жылдар қызмет етеді әрі тозбайды.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Орынсыз жанжал тумас үшін жұмыста әр түрлі мәселелер бойынша өз пікіріңізді білдіру кезінде барынша әдепті болыңыз. Бүгін үйде күтім процедураларын жасауға қолайлы күн: тіпті қарапайым маска сізге керемет әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жұмыстарға көңіл бөлу қиын болады. Әңгімелерге, жағымсыз ойларға және айналаға алаңдайсыз. Қазіргі уақытқа зейін қойыңыз, өткеннің көңіл-күйіңіз бен өнімділігіңізге кедергі келтіруіне жол бермеңіз. Бүгін достарыңыздың бірін ерекше қуантуы мүмкін сыйлыққа көзіңіз түседі, оны алдын ала сатып алыңыз, бұған еш өкінбейсіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін жұмыс бойынша кездесулерді тоқтата тұрған дұрыс, жоспарлар мен тапсырмаларды талқылау өнімді болмайды. Кешті отбасыңызға арнап, барлығына махаббат пен қамқорлық сыйлаңыз. Жақындарыңыз сіздің оларға көңіл бөлгеніңізді қалайды.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін физикалық белсенділік танытудың қажеті жоқ, бұлшық етті ауыртып алу қаупі бар. Өзіңізге әдемі үй киімдерін сатып алыңыз: үйде «ескі-құсқы» киіммен жүру – өзіңізді сыйламау және бағаламау.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін шыдамды болуға тырысыңыз: серіктесіңізбен тіл табысып, барынша сабырлы болуға тура келеді. Қызғанышқа бой алдырып, арақатынасыңызды бұзып алуға жол бермеңіз, сүйіктіңізге сенуді үйреніңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз бүкіл отбасы мүшелеріне сай келетін жаңа хоббимен айналысу туралы идеяны бөлісесіз. Бірақ өзіңіз жасамайтын дүниені талап етуден сақтаныңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз, демалыс күнін ұйымдастырыңыз. Хош иісті майлар қосылған ванна қабылдаңыз, SPA процедураларын жасаңыз, йогамен айналысыңыз.

Ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2028637-bugingi-zuldyz-zoramal-17-silde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: