Сейсенбі, 03 желтоқсан, 23:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

18 сәуірге арналған жұлдыз жорамал

18.04.2024

892 0

Сурет: pixabay

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқты

Қазіргі сәтте кәсіби салада барынша күш салуға тура келеді, өйткені тынымсыз еңбек арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Торпақ

Достарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Мазаңыз болмай жүрсе, оларға барлығын ашық айтыңыз. Бірақ оларға да өзіңіз қолдау көрсетуге дайын болыңыз.

Егіздер

Бүгін күнделікті күйбең тіршілікпен қатар, достық байланыстарды нығайтуға бетбұрыс жасайтын күн. Бұл күн кез келген түсініспеушілікті жеңу үшін басқа адамдарға адал болуды талап етеді. Әдеттідей бәріне түсініспікпен қараудың орнына, мәселеге өз көзқарасыңызды ұсынуға дайын болыңыз.

Шаян

Достарыңызбен әңгіме-дүкен құрғанда таптаурын болған жайттарды айтудан аулақ болыңыз, бұл оларды мезі етеді. Сіз туралы, сіздің өткен-кеткеніңізді тыңдай берген де басқа адамды жалықтыратынын ұмытпаңыз.

Арыстан

Бір нәрсеге күмәнданып жүрген болсаңыз, шешім қабылдамастан бұрын, сол жайтты нақты білетін адаммен кеңесіп алғаныңыз жөн. Далада жүгіруді бастайтын кез келді. Білікті жаттықтырушының көмегіне сүйеніп, жаттығуды бастап кетіңіз. Нәтижесін көп ұзамай көре бастайсыз.

Бикеш

Бүгін жаңа адамдармен танысасыз, болашақта сол адамдардың кейбірімен жақсы араласып кететін болсаңыз, кейбірі нағыз досыңызға айналуы мүмкін. Жұмыста кішігірім түсініспеушілік болуы мүмкін. Бүгін мүмкіндігінше әріптестер арасындағы дау-дамайдан бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз.

Таразы

Бүгін күтпеген адам жақсы ұсыныс айтуы мүмкін. Өзгерістерге дайын болыңыз: бүгін жұмысқа да, бизнеске де әсер ететін шешім қабылдауға болады. Егер бұл шешім бүгін қабылданса, алаңдамаңыз: жұмыстағы жаңа бастамалар сіздің мансабыңызды одан да табысты етуге мүмкіндік береді.

Сарышаян

Қазір жақын туыстарыңыз сіздің көмегіңізге мұқтаж. Материалдық тұрғыдан көмектесе алмайтын болсаңыз, көңілге қуат болатын жылы сөзіңізбен қолдау көрсетуге болады. Сүйіктіңізбен соңғы уақытта жиі ұрсысып қалып жүрген болсаңыз, онда маңызды мәселелер бойынша әңгімелесетін уақыт келді. Өз шекараңызды қорғауға дайын болыңыз.

Мерген

Қарым-қатынаста сезіміңіз бен эмоцияларыңызды көрсетуден қысылмаңыз. Бүгін өмірдегі ең қуанышты сәттерді бөлісетін күн. Витамин тапшылығының орнын толтыру үшін мультивитаминді таблеткаларды қабылдаңыз. Таза ауада көбірек серуендеп, дене жаттығуларын жасау денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді.

Тауешкі

Жұмыста өзіңізді жоғары қоюды тоқтатпайынша, мансап жолында жетістікке қол жеткізе алмайсыз. Жиі араласатын қызметкерлеріңіз бен әріптестеріңізге сене бастаңыз. Әріптестермен жанжалдарды болдырмаңыз, оларға да, өзіңізге де қысым жасамаңыз. Күніңізді үйде өткізген жөн, көп уақытты қажет ететін нәрселерді жоспарламаңыз.Өзіңізге есеп беретін сәт туып тұр.

Суқұйғыш

Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Емшілерден көрі білікті дәрігерлерге жүгінген жөн. Денсаулық мәселесін кейінге ысырмаңыз. Жеке бизнес жүргізуге ниетті болсаңыз, оны іске асырудан қорықпаңыз. Жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін. Мақсатқа жетуде белсенді болыңыз.

Балықтар

Бүгін белсендірек болып, таза ауада жүгірген жөн. Көптен мазалап жүрген ойлардан осылай арыла аласыз. Сіздің тамаша достарыңыз бен отбасыңыз бар. Дағдарыс кезінде отбасыңыздың қолдауын сезінсеңіз, сіз барлық сынақтарды жеңесіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: