Сенбі, 21 желтоқсан, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

2 сәуірге арналған жұлдыз жорамал

02.04.2024

787 0

Сурет:pixabay

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Отбасы жұлнызнамасы

Тоқты

Қарым-қатынастағы табандылық пен шыдамдылық отбасын сақтаудың негізі болмақ. Сүйіктіңіздің сезіміне сенімді болыңыз және оған қамқорлық көрсетіңіз. Сонда қарым-қатынасыңыз жақсара түспек.

Торпақ

Өзіңізге тым көп жауапкершілік алмаңыз, жанжалдарды болдырмауға тырысыңыз және туыстарыңызбен жеке мәселелерді талқыламаңыз.

Егіздер

Бүгін отбасыңыз сіздің көмегіңізге – қаржылық қолдауға мұқтаж. Сондықтан бюджетті есептеп, оны қалай өзгерту керектігін шешіңіз. Отбасы мүшелерінің қажет етіп жүрген нәрселері болса, оған да назар аударыңыз.

Шаян

Бұған дейін болған отбасылық мәселелерді іштей ой елегінен өткізіп, қазіргі кезде олар қайталанып жүрген жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір салдары туындаса, оны түзеуге тырысыңыз.

Арыстан

Күнделікті өмір мен үй шаруалары сіздің бар уақытыңызды алады, бірақ бұл сіздің туыстарыңызға көмектесу үшін және олармен қарым-қатынас пен достық орнатуға жеткілікті болады.

Бикеш

Отбасында жағымды тосынсыйлар мен эмоциялар күтуде. Сондықтан жақын адамдарыңыздың көңілін қалдырмай, олармен бірге тамаша уақыт өткізуге тырысыңыз.

Таразы

Отбасыңызда түсініспеушілік орын алса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір шешу жолдарын қарастырыңыз. Ата-анаңызға көңіл бөліп, аға буын туыстарыңызбен араласыңыз және шынайы болудан еш қорықпаңыз.

Сарышаян

Ата-анаңызбен олардың сезімі және бауырларыңызбен қарым-қатынасыңыз туралы туралы сөйлесуге жақсы күн. Бұл сіздің олармен қарым-қатынасыңызды жақсартуға және болашақта оларға қолдау көрсетуге көмектеседі.

Мерген

Бүгін қаладан тыс жерде отбасылық демалысты жоспарлауға болады. Отбасы мүшелерін, жақын туыстарыңыздың басын қосып, керемет кеш өткізіңіз.

Тауешкі

Отбасыңызға берген бұрынғы уәделеріңізді бүгін орындаңыз. Сондай-ақ үйдегілермен уақыт өткізуге тырысыңыз. Мысалы, әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіз немесе көңіл сергітіп, ойын-сауық орталығына барыңыздар.

Суқұйғыш

Бүгін жақындарыңыздың қателесуіне кешіріммен қараңыз. Себебі, бәріміз де пендеміз, біреудің қателігін бетіне басып айта беруден гөрі көмектескеніміз әлдеқайда дұрысырақ болмақ.

Балықтар

Отбасыңызбен және достарыңызбен тіл табыса алмай жүрсеңіз, бүгін ымыраға келуге тырысыңыз. Бір мезет олардың да ойын тыңдап, түсіністік танытсаңыз, бұл даулы мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: