Сенбі, 16 қараша, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

22 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

22.02.2023

777 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз ас үйіңізді жайнатып қойғыңыз келсе, сақтау контейнерлеріне назар аударыңыз. Жарма, ұн, қант, т.б. пакеттерден қарапайым бірдей контейнерлерге салып қойсаңыз, сіздің ас үйдегі сөрелеріңіз жинақы тұратын болады. Бүгінгі таңда табиғат аясында спортпен шұғылдану, қалыпты ұйқы режимін қалпына келтіруге тырысу әсіресе пайдалы. Түн ортасына дейін ұйықтауға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жақын адамдарыңызды сізге көмектесуге мәжбүрлемеңіз. Олар көмектесуден бас тартса, ренжімеңіз. Кем дегенде бір апта бойы күніне 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз, сонда сіздің сыртқы келбетіңіз қаншалықты оң өзгеретінін көресіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізді бақытсыз сезініп жүрсеңіз, онда дәл бүгін сүйіктіңізбен арақатынасқа нүкте қоятын күн келген шығар. Бір күнді достармен уақыт өткізуге арнаңыз. Бүгін керемет жаңалықтар айтылып, идеялар пайда болады. Дауласудан қорықпаңыз. Жақын достарыңыз қашан да сізге қолдау көрсетеді.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өмірлік серігін іздеп жүрген жалғызбастылар болашақ серігінің физикалық және эмоционалды ерекшеліктеріне назар аударуы қажет. Сырт келбетіне ғана емес, мінезіне де назар аударыңыз. Бәлкім ол сізді жібектей жұмсақ мінезімен баурап алатын шығар. Егер сіз соңғы уақытта достарыңызға аз көңіл бөлсеңіз – олардан кешірім сұраңыз, сіздің мінез-құлқыңыз оларды ренжіткен болуы мүмкін, бірақ олар оны білдіртпеуге тырысты.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Сәндену үшін сылтау іздемеңіз. Киініңіз, макияж жасаңыз және/немесе шаш үлгісін жасаңыз, соның өзі сізге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Денсаулығыңызды күтіңіз, демалыс күнін ұйымдастырыңыз. Хош иісті майлар қосылған ванна қабылдаңыз, SPA процедураларын жасаңыз, йогамен айналысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Досыңыздың келесі туған күніне тосынсый ретінде кеш ұйымдастыруды ойластырыңыз. Сіздің идеяңыз барлық қатысушыға көптеген жағымды эмоция береді. Эмоционалды жеңілдеу үшін жақсы күн: кейінге қалдырып жүрген драманы тамашалап, біраз серпіліңіз. Сенгісіз жеңілдік сезінесіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін отбасындағы кикілжіңдерді шешіп, әділ би рөлін атқаруыңыз мүмкін. Жақын адамдар арасындағы кикілжіңдерді шешудің маңызы зор. Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса – достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Күн жақсы және оңай басталады. Сәттілік пен тәжірибе жұмысыңызда тамаша нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Қалыптан тыс істерді қолға алыңыз, бұл жақсы идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі. Егер сіз жеке бақшаңыз болуын бұрыннан армандап келсеңіз, алайда сізде жазғы жер үй жоқ болса, көршілеріңізбен келісіп ортақ аулада бірге күтім жасайтын гүлзар жабдықтаңыз. Кішігірім баққа күтім жасау сізді жақындастыра түседі және үлкен қуаныш әкеледі.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жаңа таныстардан бас тартпаңыз. Бүгін сіздің өміріңізде болашағыңызды өзгертетін адамдар пайда болады. Бұл күн тек қарым-қатынасқа ғана емес, міндеттемелерді орындауға да қолайлы. Жұбайыңызбен арадағы проблеманы шешу үшін психологқа барған жөн. Бұл қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгінгі жұмыс күні өте сәтті болады және уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Бизнесте бастамашыл болыңыз. Бұл басқалар сәтсіздікке ұшыраған жерде табысқа жетуге көмектеседі. Қазір тәжірибе жасауға жақсы уақыт. Күтпеген, батыл әрі бірегей шешімдерді қабылдайсыз. Жаңа одақтастар табасыз. Әлеуетті серіктестермен, ықпал етушілермен немесе жұмыс берушілермен кездесу өткізуіңіз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, ас мәзіріңізге ферментке бай тағамдарды көбірек қосыңыз, оның құрамынада пайдалы заттар көп. Бүгін достарыңызға ұсақ-түйекке бола шағымданып, мазасын алмаңыз. Олардың өміріндегі қиындықтар сіздікінен анағұрлым күрделі болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Табанды болыңыз және ысырып қойған міндеттерді орындауға тырысыңыз. Сіз күтпеген адамдардан риясыз қолдау аласыз. Түстен кейін болмашы мәселелерді шешу үшін шыдамдылық пен ұстамдылық танытыңыз.

https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2010189-bugingi-zuldyz-zoramal-22-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: