Жұма, 27 желтоқсан, 10:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

25 сәуірге арналған жұлдыз жорамал

25.04.2024

767 0

Сурет:pixabay

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқты

Досыңыз сізді лайықты түрде бағалайтынына сенімді болыңыз. Оған деген құрметіңізді, сыйластығыңызды білдіруге уақыт аяп қалмаңыз: бүгін ол сізге қажет болады.

Торпақ

Назар аударыңыз: маңызды адамдармен сабырмен отырып талқылауды талап ететін мәселе тууы мүмкін. Осы тұста өзгенің пікіріне құрметпен қарап, құлақ асу керек екенін есте сақтаңыз.

Егіздер

Өзіңізге демалыс жариялаңыз: ауа райы жайлы болса, саябақта, болмаса йогамен айналыстаны орталықта. Дос-таныстарға мұқтаж болып жүрсеңіз, көптен көрмеген танысыңызға хабарласып көрген жөн. Көп күш салуға тура келеді, бірақ көп ұзамай еңбегіңіздің жемісін көресіз.

Шаян

Күрмеуі келмей жүрген жеке мәселелеріңізді достарыңызбен ақылдаса отырып шешкен жөн, бұл достықты да нығайта түседі.

Арыстан

Күрмеуі келмей жүрген жеке мәселелеріңізді достарыңызбен ақылдаса отырып шешкен жөн, бұл достықты да нығайта түседі.

Бикеш

Егер сіздің отбасыңызда біреу қиындыққа тап болса, өзгелерден көмек сұраудан қорықпаңыз. Көбінің уақыты мен мүмкіндігі жоқ болса да, сізді тыңдап, кеңес беруден ешқайсысы қашпасы анық.

Таразы

Бүгін сізді қызық кездесулер күтіп тұр. Таңдауыңыз сәтті болсын десеңіз шақыртуларды жақсылап іріктеп алыңыз.

Сарышаян

Жақындарыңызға көп мін таға бермеңіз, бұл ешкімге пайда әкелмейді. Керісінше оларға көмек қолын созып, жақсылық жасауға, мейірім мен қамқорлыққа бөлеуге тырысыңыз.

Мерген

Отбасыңызбен бұрын-соңды барып көрмеген жерге барып, көңілді кеш ұйымдастырыңыз, не болмаса жақындарыңызды киноға шақырыңыз. Бұл отбасылық қарым-қатынасты нығайта түспек. Бүгін жұмысты бар ынтаңызбен істеңіз. Жиналыс жоспарланған болса, үйден ертерек шыққан жөн. Маңызды жайттарға мұқият назар аударыңыз.

Тауешкі

Сіз өте көпшілсіз. Сондықтан адамдармен тез достасып кетесіз. Кәсіби және қаржылық тұрғыдан өмірдің жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін жаңа таныстардың артықшылығын пайдалана білгеніңіз жөн.

Суқұйғыш

Ескі достарыңызға қоңырау шалып, кездесу ұйымдастырудың сәті туып тұр. Бұл кездесу сізге жаңа идеялар сыйлайды.

Балықтар

Таза ауада көбірек серуендеу, жүгіру, ұйқы режимін сақтау арқылы әлсіреген иммунитетті қалпына келтіруге көңіл бөліңіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: