Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

30 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

30.01.2024

774 0

Сурет:nur.kz

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Бұл күніңізді отбасыңызға арнап, орын алған қандай да бір проблемалар болса, оларды шешуге тырысыңыз.

Торпақ

Отбасыңызда түсініспеушілік орын алса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір шешу жолдарын қарастырыңыз. Ата-анаңызға көңіл бөліп, аға буын туыстарыңызбен араласыңыз және шынайы болудан еш қорықпаңыз.

Егіздер

Бүгін қандай да бір отбасылық кездесуді жоспарлауға болады. Жақын туысыңызды таңғы асқа шақырып, дәмді ас үстінде жайбарақат әңгімелесуден рахаттаныңыз.

Шаян

Отбасыңыз қаржылық қолдауға мұқтаж. Сондықтан бюджетті есептеп, оны қалай өзгерту керектігін шешіңіз. Отбасы мүшелерінің қажет етіп жүрген нәрселері болса, оған да назар аударыңыз.

Арыстан

Бұрын болған отбасылық мәселелерді іштей ой елегінен өткізіп, қазіргі кезде олар қайталанып жүрген жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір салдары туындаса, оны түзеуге тырысыңыз.

Бикеш

Кей уақыттарда үйіңізде орын алған қиындықтарды жеңу үшін кажырлы күш-қуат қажет болуы мүмкін. Біреулер кеңес айтып жатса, еріп кетпеңіз, себебі кейбірі тым асығыс болуы мүмкін. Дегенмен құнды ақыл айтатын адамдардың барын да жоққа шығармаған жөн.

Таразы

Басқа жаққа қоныс аударуды қарастырып көріңіз. Туыстарыңыздан алыстап кетемін деп уайымдамай, жаңа мүмкіндіктердің барын ойлаңыз. Сарышаян Бос уақытыңызды тек отбасыңызбен ғана арнамай, басқаларға да көңіл бөліңіз. Мысалы, достарыңызбен кешкілік кинотеатрға барып, фильм тамашалаңыз.

Мерген

Отбасыңызбен уақыт өткізуге тырысыңыз. Мысалы, жақын адамдарыңызбен әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіз немесе көңіл сергітіп, ойын-сауық орталығына барыңыздар. Бәлкім, сізге дәл осы нәрсе жетіспей жүрген болар. Сондықтан оларға деген сағынышыңызды басып, қамқорлық танытыңыз.

Тауешкі

Бүгін отбасыңыздың қолдауына зәру болуыңыз мүмкін. Сол себепті көмек қажет болса, еш қысылып-қымтырылмаңыз.

Суқұйғыш

Отбасыңызбен және достарыңызбен тіл табыса алмай жүрсеңіз, бүгін ымыраға келуге тырысыңыз. Бір мезет олардың да ойын тыңдап, түсіністік танытсаңыз, бұл даулы мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Балықтар

Жақындарыңыздың қателесуіне кешіріммен қараңыз. Себебі, бәріміз де пендеміз, біреудің қателігін бетіне басып айта беруден гөрі көмектескеніміз әлдеқайда абзал.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: