Сенбі, 21 желтоқсан, 21:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

30 желтоқсанға жұлдыз-жорамал

30.12.2022

892 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқты. Қызық болсын – өз қолыңызбен кішкене болса да қолөнер бұйымын жасап көріңіз, мүмкін сізде өзіңіз білмейтін қабілет бар шығар. Егер сіз соңғы күндері сәтсіздікке ұшырап жүрген болсаңыз, бүгін сәттілік сізге бет бұрады, бірақ жолым болады екен деп негізсіз тәуекелге барудың қажеті жоқ.

Торпақ. Өткір заттарға абай болыңыз: кішігірім жарақат алу қаупі бар. Қаржы мәселелерін шешуге қолайлы күн. Сізді адастыру екіталай. Бар ынта-ықыласыңыз бен күшіңізді жұмсаған ісіңіз алға басады.

Егіздер. Өзгелердің пікірі мен кеңесіне құлақ аспайсыз. Сондықтан олармен тіл табысу қиын болады. Оқиғаларды талқылап, қақтығыстардан, түсінбеушіліктерден аулақ болыңыз. Ескі досыңызға кенеттен тосынсый жасау үшін жақсы күн. Достығыңызды қалай бағалайтыныңызды көрсетіп, жақын адамыңызды қуантыңыз.

Шаян. Достарыңызды бір шыны кофеге шақырыңыз, саябақта серуендеңіз,сыр ақтаруға уақыт бөліңіз. Баланың бойына жақсы әдеттерді сіңіру үшін өзіңіздің бойыңызды түзеп, кем-кетіктеріңізді жою үшін жұмыс істеңіз.

Арыстан. Ескі доспен кездесу өткен күндерді еске түсіруге көмектеседі. Оған ерекше сыйлық жасаңыз. Физикалық жүктеме пайдалы болады, бірақ суық тигізіп алмас үшін, ауа райына сәйкес киініңіз.

Бикеш. Бүгін қазіргі жұмысыңыздағы мансаптық перспективалар туралы ойлануға жақсы күн. Жоспар жасаңыз және оны менеджеріңізбен талқылаңыз. Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі күйзелісті жеңілдету үшін күнді медитациямен немесе жылы ваннамен аяқтаңыз.

Таразы. Сүйікті адам романтикаға бейім, сондықтан бүгін ашық болудан, сіз үшін өте маңызды нәрсені талқылаудан қорықпаңыз. Бүгін сүйіктіңізбен ашық сөйлесетін күн. Өз сезіміңізді айтудан қорықпаңыз. Шынайы болыңыз.

Сарышаян. Сүйіктіңізден бөлек, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысуды әдетке айналдырыңыз. Бұл бір-біріңізге тәуелді болудан және жалығып кетуден сақтайды. Бүгін айналаңызды өзгертіп, жайлы етудің орайы түсіп тұр. Жайлылық орната отырып, сіз бірден бірнеше маңызды тапсырма мен жобаны орындай аласыз.

Мерген. Басқаларға мұқият болыңыз, сонда күн жақсы өтеді. Қақтығыстардан аулақ болыңыз, басқалардың көзқарасын құрметтеңіз және жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз. Егер сіз ұзақ уақыт бойы спортпен айналысқыңыз келсе, бірақ жаттығу залына көп ақша жұмсап, жаттығуларды жіберіп алудан қорықсаңыз, көптеген спорт залында бірінші сабақ тегін екенін ұмытпаңыз. Сіз бірнеше жерге барып, өзіңізге ұнайтын жаттықтырушы мен жаттығу түрін таңдай аласыз.

Тауешкі. Рационыңызға ботқалардың түр-түрін көбірек енгізуге тырысыңыз, бұл сіздің ағзаңызға пайдалы. Аяқ-киім мен сөмкелеріңізді түгендеңіз, олардың кейбірін жөндеу қажет болуы мүмкін. Қазірден бастап бұл мәселені шешіп қойсаңыз, қажет болған сәтте қиындықтар туындамайды.

Суқұйғыш. Үй жануарыңыз бар болса, оны ветеринарға қаратуды ұмытпаңыз. Байқалмай жүрген ауруын емдетіп алуыңыз әбден мүмкін. Сізді қиын және нәтижелі күн күтіп тұр, бүгін өзіңіздің бизнесіңізден гөрі басқалардың ісімен көбірек айналысасыз, бірақ бұл сіз үшін тиімді болады. Соның арқасында жаңа қызықты адамдармен танысасыз.

Балықтар. Әр нәрсені байыппен шешуге тырысыңыз. Қателік жібермес үшін, жауапкершілікке баса мән беріңіз. Егер сіз өзіңізді дәмді тағаммен қуанту үшін жоғарыдан белгі күтсеңіз – міне 🙂

https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003554-bugingi-zuldyz-zoramal-30-zeltoqsan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: