Жұма, 27 желтоқсан, 03:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

20.02.2023

644 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Достарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз: бәлкім олардың бірінің денсаулығында кінәрат бар және дәрігерге бару үшін немесе өзіне көмектесер жақсы маман іздеу үшін оған сіздің көмегіңіз қажет болуы мүмкін. Түріңізге сәйкес косметиканы таңдауға тырысыңыз, бұл сіздің сыртқы келбетіңіздің барлық артықшылығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Достарыңызбен естелікке толы кеш өткізіңіз, жас кезіңіздегі сүйікті әуендеріңізді тыңдаңыз. Бұл кеш өте әсерлі өтетіні сөзсіз. Үтіксіз үтіктеу тәсілдерін (спрейдің көмегімен) байқап көріңіз. Бұл сіздің жұмысыңызды әжептәуір жеңілдетеді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Кешке қарай ұйықтау қиын болса – тас қараңғыда ұйықтап жүргеніңізге көз жеткізіңіз. Ұйықтар алдында перделерді жабыңыз немесе маскада ұйықтауға дағдыланыңыз. Бұл ұйқының сапасын айтарлықтай жақсартады. Қажетті адамдармен келіссөздер жүргізу үшін өзіңіздің туа біткен сүйкімділігіңіз бен харизмаңызды пайдаланыңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Ауа райына сай киінуге тырысыңыз және «журналдағы» сәнді қумай, денсаулығыңызға мән беріңіз. Сүйіктіңізден бөлек, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысуды әдетке айналдырыңыз. Бұл бір-біріңізге тәуелді болудан және жалығып кетуден сақтайды.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жақсы досыңызбен кездесуді күтіңіз, онымен қарым-қатынастан ләззат алыңыз, әр сәтті бағалаңыз. Тек бет терісіне ғана емес, дене терісіне де күтім жасауға тырысыңыз: себезгіден кейін лосьон қолдану жағымды рәсімге айналуы мүмкін, ал өнімнің жағымды иісі көңіліңізді көтереді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Интерьерді немесе гардеробты жаңарту үшін жақсы уақыт. Баланы өз мысалыңызда кітап оқуға баулыңыз. Кішкентай балаларды тартымды суреттері бар, мұқабасы әдемі кітаптармен қызықтыруға болады. Бірақ өзіңіз кітап оқымасаңыз, оны мәжбүрлемеңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін алдын ала жазылусыз экспресс маникюрге бару үшін қолайлы күн: нәтижесі мен сапасы сізді қуантады. Жұбыңызбен қарым-қатынасыңызды сарапқа салыңыз, салмақтап өлшеңіз. Бәлкім, сіздің жақындағы әрекетіңіз дұрыс болмаған болар? Сол үшін кешірім сұрау да артық етпейді.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңыздың жүзіне қуаныш ұялату үшін ақша шығындаудан қорықпаңыз. Олардың қуанышы екі есе болып қайтады. Күлкі өмірді ұзартады – көтеріңкі көңіл-күйде болуды, әзілдеуді ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Өз балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл бала психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Өзіңіздің іс-әрекетіңіз арқылы ғана баланы тәрбиелеуге болады. Кешке спортпен шұғылданыңыз, оны өміріңіздің бір бөлігіне айналдыруға тырысатын кез келді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жұмыста еркін кесте бойынша қызмет атқарып жүрсеңіз, жұмысты ерте бастап, ертерек бітіруге тырысыңыз. Сол кезде бос уақытыңыз көбірек болатынын сезінесіз. Косметика дүкеніндегі кеңесшіден көмек сұраудан тартынбаңыз: сіз үшін ең жақсы өнімді табу – оның жұмысы. Ал сіз сұлулығыңызды арттыратын өнімге тек риза боласыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Ескі және жаңа достармен кездесетін, сөйлесетін және шынайы әңгімелесуге арналған күн. Құпияларыңызды бөлісіңіз. Бұл күні ашық аспан астында спортпен айналысыңыз, бұл денсаулыққа өте пайдалы, ал кейінірек әдетке айналуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз болашақта сәтсіздікке жол бермеуге көмектесетін баға жетпес сабақ пен тәжірибе аласыз. Бастысы асықпаңыз, сонда күн жақсы өтеді. Істер өз бағытымен жүрсін. Оқиғалар тез дамып жатқан жоқ, бірақ бәрі жақсы нәтиже береді. Дүкендегі жеңілдіктерге мән беріңіз, бүгін сізді тиімді сауда күтіп тұр.

https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2009803-bugingi-zuldyz-zoramal-19-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: