Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Отбасы жұлнызнамасы
Тоқты
Отбасыңызбен сөйлесіңіз, армандарыңызды, жоспарларыңызды ортаға салып, ақыл сұраңыз.
Торпақ
Шынайы сезімдеріңізді жасырмаңыз, отбасыңызбен ашық сөйлесуге тырысыңыз. Оларға да құрмет көрсету керек екенін ұмытпаңыз.
Егіздер
Бүгін отбасыңызға уақыт бөліп, өткен-кеткенді еске түсіріп, әңгіме-дүкен құрған жөн. Уақытты қызықты және пайдалы өткізіңіз, бірақ бұл ешкімге ауыртпалық салмауы керек.
Шаян
Отбасыңызбен алдағы күндерге жоспар құрып, отбасылық бюджетті қай жаққа бағыттау керек екенін анықтап алған абзал.
Арыстан
Балаларыңызға уақыт бөліп, оларды не алаңдатып жүргенін, қандай арман-мақсаты бар екенін сұрап көріңіз. Қазір оларға сіздің көмегіңіз, ақылыңыз керек болып жүруі мүмкін.
Бикеш
Отбасыңызға ыңғайсыз сұрақтар қоюдан қорықпаңыз: олардан сіз өзіңізді жақсы түсінуге көмектесетін толық жауап аласыз.
Таразы
Жақындарыңызға қысым көрсетуден аулақ болуға тырысыңыз: сізге емін-еркін сұрақ қойып, өтініш білдіруге мүмкіндік беріңіз.
Сарышаян
Жақындарыңызға бұрынғыдан да көбірек қамқорлық танытыңыз. Мансаптан бұрын отбасын алдыңғы орынға қойсаңыз, ұтылмайсыз.
Мерген
Қазір қиын күндерді өткеріп жатқан болсаңыз, оның себебін өзіңізден іздеңіз. Сіздің көңіл-күйіңіз болмауы себептен отбасыңызға қысым жасаудан аулақ болыңыз.
Тауешкі
Отбасы бүгін, тіпті ең қиын жағдайда да сізге жақсы әсер етеді. Отбасылық мәселелерді талқылап, тиімді жолдарын табыңыз. Бірге уақыт өткізіп, ойыңызды ортаға салыңыз, оларды да тыңдауға уақыт бөлген жөн.
Суқұйғыш
Отбасылық қаржыға көңіл бөліңіз: бүгін қаржылық қиындықтар болуы мүмкін.
Балықтар
Отбасыңызбен көңілді кеш өткізуді жоспарлаңыз. Бірге киноға баруға не болмаса үйде қызықты ойындар ұйымдастыруға болады. Бұл өзара қарым-қатынасты нығайта түспек.
Ақпарат көзі: kaz.nur.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!