Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

40 градусқа дейін ыстық сақталады

22.07.2023

577 0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 22 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. 22 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз 35 градус қатты ыстық, жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық пен  облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады. 22-24 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шымкентте төтенше өрт қаупі бар. 

Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Астанада түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық. 22 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 22 шілдеде жоғары өрт қаупі бар. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 22 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22 шілдеде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 22 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 22 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінле 37 градус қатты ыстық күтіледі. 22 шілдеде облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. 22 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүтік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 22 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/87499/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: