2024 жылы тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтарда 10 демалыс күні және 21 жұмыс күні болады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Тамыз айында қазақстандықтарды Конституция күніне орай демалыс күтіп тұр. Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні саналады. Қазақстандықтар жыл сайын 30 тамыз күні демалады.
2024 жылдың тамыз айындағы демалыс кестесі:
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күніне берілетін қосымша демалыс 3 күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандықтар жұма – 30 тамыз, сенбі – 31 тамыз және жексенбі – 1 қыркүйекте демалады. Тамызда барлығы 10 демалыс күні бар.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де жұма күні, 30 тамызда демалады. Алайда 31 тамыз жұмысқа шығады. содан кейін 1 қыркүйек қайтадан демалады. Осылайша, аптасына 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тамыз айында 5 күн демала алады.
Тамыз айындағы мереке күндер
Конституция күнінен басқа, тамыз айында Қазақстан бірқатар басқа да маңызды күндерді атап өтеді:
- 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні;
- 10 тамыз – Абай күні;
- 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні;
- 18 тамыз – шекарашылар күні;
- 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтер күні;
- 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!