Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Абай Бегейдің екінші әйелі бойдақ қыздарға кеңес айтты

24.10.2024

353 0

Сурет:ашық дереккөз

Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова төрт баласы бар ер адамға тұрмысқа шығу мәселесі туралы ой қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy порталы. 

Әншінің әйелі бұл туралы пікірін «Айтарым бар» YouTube арнасында айтты. Жүргізуші Жанерке Сейфуллина Фариза Жұманованың бір жыл бұрын бойдақ қыздарға баласы бар ер адамға тұрмысқа шықпауды кеңес етемін деген ойын есіне салды.

«Маған Instagram арқылы баласы бар еркек ұсыныс жасады деген хаттар көп келеді. Негізі мен қазір де бұл сұраққа «жоқ» деп жауап беремін. Себебі ол – өте үлкен жауапкершілік. Тұрмысқа шыққаннан кейін мен екі қыздың анасы болдым. Үлкеніміз студент болды, ол менің қандай да бір көмегіме мұқтаж болды деп айта алмаймын. Оның үстіне ол ер бала. Екі қыздың анасы болу оңай емес. Мысалы тұрмысқа шыға салып, бірінші тұрмыстық өмірге үйренесің бе, әлде ана болып үйренесің бе?! Сондықтан ол оңай емес», – дейді Фариза Жұманова.

Ол сөзін жалғай отырып, бұл қиындықта өзі қандай шешімдер қабылдағанын айтып берді.

«Маған бұл жолда оқыған намазым, діни білімім көмектесті. Алладан қорыққаннан кейін алған аманатыма төзе білдім. Қатты қиын болып кеткен кездері намазда отырып, дұға тілейтінмін. Ішімдегі уайым-қайғыны Алла Тағалаға айтатынмын. Содан кейін жақсы болып қалатынмын. Ал басқа қыздар осылай істей ала ма, істей алмай ма? Тұрмысқа шыққаннан кейін мамасына, әкесіне, туысына хабарласып тұрса, өзіне қиын, ал ата-анасына екі-үш есе қиын болады. Сол себепті қазір де маған қыздар осындай сұрақ қойса, тұрмысқа шықпа деп айтамын», – дейді Абай Бегейдің әйелі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: