Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алдағы жаз өткен жылдан да ыстық болмақ

12.02.2024

684 0

Сурет: qazaqstan.tv

Aqmeshit-aptalygy.kz – Биыл жаз өткен жылдың жазынан да ыстық болады. Елімізде алдағы уақытта болатын аптап ыстық мәселесі Мәжілісте талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың мәліметінше, жазда орташа температура 19-23 градус болады.

«Қазгидрометтің мәліметінше, жазда орташа температура 19-23 градусты құрап, 40 градус немесе одан да жоғары болады. Өткен жылы ауа температурасы көтеріпі, 40-44 градусқа дейін жетіп, өрт шығу қаупін тудырды. Мысалы, Семейде», – деді Сыздықов.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою жүйесін күшейту мақсатында Экология министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығы бойынша табиғи өрттерді жою саласындағы уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы алгоритмі бекітілгенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: