Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тәбетті төмендететін жемістер белгілі болды

22.07.2023

482 0

Аштық сезімін басатын пайдалы өнімдерді атады
Гастроэнтеролог Неруллина аштықты азайту үшін алма мен имбирь жеуге кеңес берді

Адамдар кейде қарын тойдыру үшін түрлі фаст-фудтар мен құнарсыз тағамдарды жеп жатады. Алайда ол тағамдардың ағзаға бөлетін колориясы туралы ойламайды. Дәрігер аштық сезімін басатын сонымен қатар адам ағзасына пайдалы жемістерді атады, – деп хабарлайды  gazeta.ru сайты. 

«Алма секілді талшыққа бай жемістер адамның қарнын тез тойдырады және ағзаға өте пайдалы. Олар ішектің оңтайлы микрофлорасын сақтауға көмектеседі, қабыну процестерімен күресуге көмектеседі, ал үнемі қолданған кезде іш қату мен дисбиозбен күреседі, қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді», – деді  гастроэнтеролог дәрігер Алла Неруллина.

Сонымен қатар гастроэнтеролог маман жаңғақтардың құрамында талшықтың көп мөлшері бар екенін атап өтті, бірақ олар калориялы өнім, сондықтан оларды қалыпты мөлшерде жеуге болатынын жеткізді.

«Зімбірді (имбирь) шайға немесе тағамға қосымша ретінде қосып ішуге болады. Оның тамырында эфир майы түрінде болатын зат гингеролдың арқасында тәбеттің төмендеуіне ықпал етеді. Гингерол тәбеттің төмендеуіне әсер ететін лептин (май тінінің гормоны) деңгейін төмендетуге көмектеседі. Сондай-ақ, жасыл шай мен оның құрамындағы кофеин тәбетті төмендетуге және жақсы метаболизмге ықпал етеді. Авокадоны талшықпен бірге жегеннен кейін қанықтылық сезімі пайда болады және артық тамақтану қаупі төмендейді», – деді Алла Неруллина.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: