Менің ойымша жазғы демалыстың қызығы көп. Сол себепті жазғы демалыс достарыңмен және отбасыңмен көбірек уақыт өткізуге арнаған жөн деп ойлаймын. Бірақ демалыс деп жүріп оқуың да жайына қалады. Ал менің жазғы демалысым ауылда, лагерде, отбасыммен және достарыммен өтеді. Кейбіреуі жалқаулықпен өткізеді, ол дұрыс емес.
Жаздың керемет уақыты ауылда достарыңмен, ата-әжеңмен өткізген сәт. Бұның бәрі ең керемет сәт болып қалады. Кім ауылға күнде барып жатыр дейсіз. Мысалы, мен ауылға күнде барғым келеді, тіпті ауылда тұрғым келеді, бірақ оқуым қалада. Ауыл деген керемет қой, таза ауа, мөлдір бұлақ.
Жазғы демалыстың соңында бар бала оқуға дайындалады, тіпті мен де дайындаламын. Сонда да жазғы демалыспен қоштасқың келмейді. Бар қызық жазғы демалыста болады, соның бәрін жай тастап кету оңай емес.
Айша Бейбітқызы Молдахмет,
№264 мектеп-лицейінің
5 «С» сынып оқушысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!