Бейсенбі, 21 қараша, 20:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Байқау

04.04.2024

734 0

Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы»
газетінің жарыққа шыққанына және «Абзал и К»
компаниясының құрылғанына 30 жыл толуына орай өтетін байқау ережесі

Байқау төмендегідей 3 номинация бойынша өтеді:

  1. «Күріш хикаялары» рилс байқауы.
    Байқау шарты бойынша сюжеттің маңызды элементі күріш болуы
    тиіс. Рилс ұзақтығы – 1-2 минуттан аспауы қажет. Рилсты «Күріш
    хикаялары» байқауына қатысамын деп жазып, #АбзалиК #үздікөнім
    хэштегтері қолданылуы керек. Мұны комедиялық рилс немесе маңызды
    ақпарат түрінде жасауға болады. Жеңімпаздар сценарий сапасы,
    орындаушылық, шығармашылық шеберлігіне қарай таңдалынады.
  2. «Диқан мен журналист» пост байқауы.
    Байқау шарты бойынша қос мамандықтың қыр-сырын ашып көрсету
    маңызды. Пост мәтіні 1000 символдан аспауы керек (Мәтінмен қоса
    фото немесе видео ұсыну қажет). Пост астына #АбзалиК #үздікөнім
    және #Ақмешітапталығы30жыл хэштегтерін қолдану керек.
  3. «Мен «Ақмешіт апталығын» оқимын!» деген тақырыпта
    қызықты әрі креативті, ұзақтығы 30 секундтан аспайтын рилс
    түсіру. #Ақмешітапталығы30жыл хэштегін қолдану керек.
    Байқау шарты: Байқауға қатысушылар рилс пен постты
    өз инстаграм парақшасына жариялап, aqmeshit_aptalygy және
    abzalcompany парақшасын белгілеп, сторисіне бөлісуі қажет.
    Байқау мерзімі: 2024 жылдың 1-13 сәуір аралығы.
    Байқау қорытындысы бойынша әр номинациядан бір үздік
    анықталады. Марапаттау 15 сәуірде өтеді. Жеңімпаздар «Абзал и К»
    компаниясы ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады.
    Байқаудың демеушісі: «Абзал и К» компаниясы.
    Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А.
    Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі.
    Байланыс телефонымыз: 8 (7242) 40-11-10, ішкі нөмір 1022.
    Электрондық мекен-жай: akmeshit.kz@mail.ru
    Ұйымдастыру комиссиясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: