Танымал айтыскер ақын, қоғам белсендісі Балғынбек Имаш бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі билік басында отырғандарға үндеу жасады.
“Бұрынғылар ұрлаған ақшаны қайтара алмасаңдар, ең болмаса бұрынғы сағатты қайтарыңдаршы. Миымыз да, тәніміз де, жанымыз да шаршады. Балаларға тіпті обал”, – деп жазды ақын.
Өнер өкілдерінен басқа да лауазымды тұлғалар да бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп жатыр. Білікті дәрігер әрі депутат Гүлдара Нұрымова елімізде уақыттың өзгеруі жүрек-қан тамырлары, гормон және басқа да ауруларды тудыратынын ескерткен еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!