Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бастауыш сынып оқушыларына шахмат факультатив пән ретінде енгізіледі

24.04.2023

692 0

Қазақстан мектептерінің оқу бағдарламасына шахмат ойыны факультативті пән ретінде енгізілмек. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз өткен жылы маусымда «Мектептегі шахмат» жобасын қолға алған болатынбыз. Мемлекет басшысымен шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу туралы келістік. 1-4 сыныптардан бастағымыз келіп отыр, әрине, қиынға соғады. Себебі ол дайындықты қажет етеді. Дайындық барысында біз ішкі сарапшылар тобын жұмылдырдық. Сонымен қатар осы күндері шахматтан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында АҚШ, Еуропа елдері, посткеңесті және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты бірқатар елдердің сарапшыларының қатысуымен халықаралық конференция өткіздік», – деді Дәрмен Сәдуақасов. 

Федерация өкілінің сөзінше, шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жұмысына білім саласының мамандары мен мектеп, жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе назарға алынған. 

«Елімізде шахмат ойынын дамыту мақсатында федерацияның алдында тұрған бірқатар қосалқы міндеттер бар. Жалпы шахматты мектепке енгізу пилоттық жоба ретінде Павлодар облысы, Шымкент қаласы және Түркістан облысында жүзеге асып жатыр. Бүгінде жалпы саны 30-дан астам мектепте енгізілген. 3 жыл бойғы апробация барысында шахматтың балалардың үлгерімі мен қабілетін дамытуда оң нәтижені байқадық. Ол бойынша араптамалық қорытынды жасалды. Барлық ғылыми тәсілдер бойынша шахматтың баланың дамуына оң әсер ететіні дәлелденді», – деді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: