Сейсенбі, 26 қараша, 23:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бортсеріктерге жұмыстан тыс уақытта қандай тыйымдар салынады?

20.02.2023

780 0

Сурет ашық дереккөз

Кей адамдар үшін бортсерік болу – нағыз арман. Үнемі іссапарда жүру, көк аспанның романтикасы мен түрлі адамдармен тілдесу керемет сияқты көрінеді. Алайда борстерік қызметі адамды жұмыстан тыс кезде де көптеген дүниеге міндеттейді. Міне жұмыстан тыс кезде не істеуге болмайтыны туралы Tengritravel.kz баяндап береді.

Форманы кию

Қызметкер әуе компаниясының формасын кигеннен кейін бірден оның өкіліне айналады. Сондықтан бортсеріктерге қызметтік киімді басқа ішараларға, серуен мен қоғамдық орындарға киюге тыйым салынған. Егер көшеден қызметтік киімдегі бортсерікті көрсеңіз, демек ол жұмысына бара жатыр.

Пирсинг пен татуировка

Әуе компаниясының имиджін құртпас үшін, сондай-ақ жолаушылардың бортсеріктерге сенімін артытру мақсатында қызметкерлерге тату мен пирсинг салдыруға болмайды. Егер тату көрініп тұратын жерге салынған босла, онда ол адамды бортсерік жұмысына алмауы ықтимал.

Алайда қазіргі заманда кей әуе компаниялар тату, аксессуар мен шаш түсіне түсіністікпен қарайды.

Брекет салу немесе капа тағу

Бортсеріктің жымиған күлкісі – оның образының басты бөлігі, сондықтан брекеті бар немесе тістері түзу емес қыздарды бұл қызметке алмайды. Сонымен қоса, бортсеріктерге капа тағуға да болмайды, өйткені ТЖ жағдайында ол сынып кетуі мүмкін немесе оны шешуге уақыт кетеді. Дегенмен кей жағдайларда қыздарға элайнер – тісті түзеуге арналған мөлдір капалар тағуға рұқсат етіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: