Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 1 наурыз күні сізді не күтіп тұр?

01.03.2023

852 0

Сурет: pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Балаңызбен бірге айналысатын іс ойлап табыңыз. Қолдан бір зат жасау, мультфильм көру немесе ойындар ойнау ол үшін өте пайдалы. Өзгелермен қарым-қатынаста қателіктеріңізді мойындаудан қорықпаңыз: бәріміз пендеміз және қателесуге құқығымыз бар. Ең бастысы, уақытында кешірім сұрап, қайталамауға тырысу.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз үй жануарыңызды тым еркелетіп жіберген болсаңыз, бүгін оны тәртіпке үйретіп бастау үшін жақсы күн. Интернетте үй жануарларын жақсы мінез-құлыққа үйрету туралы көптеген кеңес бар. Егер балаңыздың үлгерімі нашар болса, онда оның күн тәртібін барынша сапалы түрде жасауға тырысыңыз. Бәлкім оның ұйқысы қанбай, шаршап жүрген шығар.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға сеніңіз, қандай қиындыққа тап болсаң да, туыстарың саған тек жақсылық тілейді. Жаңа затты сатып алмас бұрын, оны гардеробыңыздан немен біріктіруге болатынын ойлаңыз. Бұл сізді қажетсіз сатып алулардан құтқарады және ақшаны үнемдеуге көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Маусымдық көкөністерді көбірек жеуге тырысыңыз, бұл сіздің диетаңызды әртараптандырады және денсаулығыңызға оң әсер етеді. Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Екінші жартыңызбен арада түсініспеушіліктер орын алса, онда ортақ шешім шығару үшін кикілжің себептерін анықтаңыз. Бүгін мәселелерді ересектерше әрі дұрыс шешу үшін проблемаларды анықтап алатын күн. Достарыңызбен бәстесу арақатынасқа өте пайдалы. Осы арқылы достар бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңіздің кәсіби салаңыздағы білімді жетілдірудің ыңғайлы және қызықты форматын табыңыз. Ол – подкасттар, бейнежазбалар, мақалалар немесе онлайн конференциялар болуы мүмкін. Осылайша сізге нарықта сұранысқа ие маман болып қалу оңайырақ болады. Кафеге немесе мейрамханаға бару үшін сылтау іздемеңіз, өмір тым қысқа, өзіңізді қуантуға себеп іздемеңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Осы демалыс күндері достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, сізде ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін ресурс қалмауы мүмкін. Күн тыныш өтеді. Демалуға, денсаулығыңызды реттеуге, жаңа жетістіктерге дайындалуға мүмкіндік болады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Киноқұмар болмасаңыз да, киноафишаларды қарап жүріңіз, сізді қызықтыратын нәрсе болуы мүмкін. Ойда жоқта кешкі сеансқа бару көңіл-күйіңізді көтереді. Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз қандай да бір романтикалық дәстүрді бастағыңыз келсе, бүгін бұл үшін ең жақсы күн: серіктесіңіз сіздің бастамаңызды қолдауы әбден мүмкін. Бүгін сіз үшін тыныштық бәрінен маңызды. Асықпаңыз, әр ісіңізге ойланып барып кірісіңіз. Тек осылай ғана сіз жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін не істеу керектігін түсінесіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жұмысқа бар күшіңізді салсаңыз, алдағы айларда мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі туады. Сүйіктіңізбен танысқан, кездесе бастаған күнді атап өту дәстүрі сізде болмаса, онда бұл дәстүрді жаңғыртатын уақыт келді. Бұл арақатынасыңызды нығайтады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін үйде күтім процедураларын жасауға қолайлы күн: тіпті қарапайым маска сізге керемет әсер етеді. Жұмысқа алаңдамаңыз, бірнеше күннен кейін бәрі қалпына келеді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Үйдегі ұсақ-түйек кикілжіңдерден құтылудың жақсы тәсілі – олардың бірін жоғалтып алудан қорқу. Осыны елестетіп көріңіз де, жақындарыңызға оларды қалай жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Көбірек сырласыңыз. Енді сіз басқа адамдардың сезімдерін оңай түсіне аласыз, жақын адамдарыңыздың тілектері мен ойлары туралы болжай аласыз. Сіз тіпті жауыңызбен де тіл табыса алатын жансыз.

Дереккөз: НҰР.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: