Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 14 сәуір күні сізді не күтіп тұр?

14.04.2023

1178 0

Сурет: Pixabay

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға идеяларыңыз бен жоспарларыңызды бөлісіңіз. Олар тек қолдау көрсетіп қана қоймай, сенім білдіргеніңізге риза болады. Бүгін ащы, майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз: зиянды тағамды тұтынудың жағымсыз салдары болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Қаржылық мәселелермен айналысыңыз. Егер сізге қызықты ұсыныс түссе, оны қабылдаңыз. Күнделікті ас мәзіріңізге мән беріңіз: сіз ақуызды тым аз немесе көмірсуды көп қолданып қоюыңыз мүмкін, бұл сіздің ағзаңызға зиян.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Сабырлы болыңыз, жанжалдардан аулақ болыңыз. Күрделі мәселелер өздігінен шешіледі. Жақсы жаңалықтарды, күтпеген тосынсыйларды және жақсы ұсыныстарды күтіңіз. Жақындарға ұсақ-түйекке бола ренжімеудің ең жақсы тәсілі – олардың өзіңізге қаншалықты қымбат екенін түсіну. Осыны есте сақтасаңыз, орынсыз реніштер сейіледі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Өзіңізбен пікірлес адамдарды тауып, олармен біріге аласыз. Жұмысыңызда елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Жақсы танымайтын адамдармен абай болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіз туралы жағымсыз шындықты естігіңіз келмесе, серіктеспен жанжалдасқанда қатты кетпеңіз. Жақындармен жанжалдасудан аулақ болыңыз, отбасылық мәселелерде ортақ мақсат үшін бірігіңіз. Серіктесіңіздің қалауына да мән беріңіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Ата-аналармен кездесу күні. Оларды кешкі асқа шақырыңыз, шын жүректен сөйлесіңіз. Егер сізді денсаулығыңызда бірнәрсе мазаласа, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, оның салдары болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді. Дене бітіміңіздің кемшіліктерін киіммен жасыруға тырыспаңыз, керісінше артықшылықтарыңызды ерекшелеуге тырысыңыз. Бұл сіздің өзіңізді бағалауға және айналаңыздағы адамдардың сізді қабылдауына оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Спортпен шұғылданыңыз, ашық ауада көбірек уақыт өткізіңіз. Денеңіз бір рахаттанып қалатыны сөзсіз. Отбасыңызбен бірге дүкен аралап, жаңа киім-кешек немесе заттар сатып алуға қолайлы күн. Көңіл-күйіңізді көтеретін сатылым жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Үйдегі міндеттер барлық отбасы мүшесіне теңдей үлестірілгенін қадағалаңыз. Тұрмыстың барлық проблемасын өзіңіз ғана көтермеңіз. Өкпе-ренішті сақтамаңыз. Серігіңізге барлық өкпеңізді ашық айтып, еш ашу-ызасыз түсіндіріңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Ароматерапия және шөп шайы ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі. Интерьерді немесе гардеробты жаңарту үшін жақсы уақыт.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізді релаксациямен емдеңіз: массаж немесе йога сізге шынымен демалуға көмектеседі. Отбасыңызға, әсіресе балаларыңызға уақыт бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Серіктесіңіз кездесуден гөрі жұмысына көбірек мән бергісі келсе, онда ұстамаңыз. Жоспарланған кездесулерді қайта-қайта бұзатын және хабарламаларыңызға қысқа жауап қайтаратын достарды ой елегінен өткізіңіз. Олар сізді бүгінде еш бағаламаса, байланысты тоқтатқан абзал.

Дереккөз: Нұр.кз

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: