Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде үй жануарлары есепке алынады

06.08.2023

583 0

Үй жануарларын есепке алу ережелері 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Оның негізінде иттер мен мысықтарды міндетті есепке алу көзделген, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресрустар министрлігінің баспасөз қызметі.

Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені дербес айқындайды, сондықтан деректер базасының функционалын пысықтау мәселелері бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес жануардың иесі немесе оған жауапты тұлға есепке алу бұйымын (құралын) дербес айқындайды, бұл ретте үй жануарларын есепке алу бұйымдарына (құралдарына) болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) жатады.

Есепке алу нормаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: