Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

16.06.2023

845 0

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы Оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың бақылауында болады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

18-19 маусымда республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Тек республиканың шеткі шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Күндізгі температура төмендейді деп күтілуде:

  • Батыста – 20-28 °С дейін;
  • Солтүстік-батыста – 13-26 °С дейін;
  • Солтүстікте – 17-27 °С дейін.

Республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында ауа температурасы 30-37 °С градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік облыстарда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: