Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Ерлан Көкеев танымал авиакомпания өкілдеріне шағым жасады

27.06.2024

332 0

Сурет: Әлеуметтік желі

Әнші Ерлан Көкеев әлеуметтік желідегі парақшасында Air Astana ұшағында гитарасын жоғалтып алғаны туралы ақпаратты жариялады. Бұған қатысты авиакомпания өкілдері ресми жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Air Astana, сіздер мұны әдейі жасайсыздар ма? Енді ғана Өскеменнен ұшып келдім. Тағы да менің аспабыммен мәселе туындады, гитарам жоғалып кетті», – деп жазды әнші.

Өнер иесінің шағымы бойынша авиакомпания әкімшілігі ресми жауап берді.

«Air Astana әуекомпаниясының жоғалған жүкті іздеу қызметінің мамандары Ерлан Көкеевтің шағымы бойынша іздеу жүргізді. Тексеріс нәтижесінде әуежайда қызметкерлер Ерлан Көкеевке гитараны ұшаққа өзімен алып кіруді ұсынғаны анықталды. Алайда жолаушы затын жүк бөлігіне жіберуді және гитараға «әйнек» белгісін жабысытыруды сұраған. Әуеуомпания құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел. Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді. Осы ұшақтан түскен қызыл бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған. 

Әуекомпания қызыл бас киім киген жолаушыдан Ерлан Көкеевке гитарсын қайтаруды сұрайды. Болмаса Ерлан Көкеевке жолаушыны анықтап, жоғалған затын іздеп табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуын сұраймыз. Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: