Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі»

15.02.2024

298 0

Сурет: өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына – 35 жыл. 1979 жылы Кеңес әскерінің қатарындағы 22 мыңға жуық сарбаз интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан жеріне аттанып, 942-сіне туған жердің топырағы бұйырмады. Соның ішінде, Сыр өңірінен 827 адам қатысып, оның 18-і Ауған жерінде ажал құшты деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агентті өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атаулы дата аясында бүгін Ауған жерінде азаматтық борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу митингісі өтті.

Еске алу минингісіне Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, «Қызылорда облысының «Ауғанстандағы соғыстың мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ауған соғысының ардагерлері, әскери қорғаныс органдарының қызметкерлері, жастар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері қатысты.

Шара барысында сөз алған қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті. Тағылымды шара ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майданда опат болған сарбаздардың рухына құран бағыштаумен қорытындыланды.

Ауған ардагерлерін еске алу және құрмет көрсету шарасы салтанатты марапаттау жиынына ұласып, бірқатар ардагерлер 35 жылдық мерекелік төсбелгімен марапатталды. Ал батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған бірқатар ауған соғысы ардагерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шарада қала өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, ардагер қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: