Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Fly Arystan Air Astana-дан бөлініп шықты

20.01.2024

550 0

Сурет: baq.kz

FlyArystan әуе компаниясы Air Astana бөлініп шықты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Әдіқожаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін FlyArystan Air Astana әуе компаниясының құрылымдық бөлімшесі болған. Ал қазір FlyArystan 100% еншілес компания. Ол қазірдің өзінде дербес заңды тұлға, бөлініп шықты деп айта аламыз, – деді Дастан Әдіқожаев

Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер FlyArystan 100 пайыз еншілес кәсіпорны екенін және болашақта корпоративтік құрылымды өзгерту жоспары жоқ екенін жеткізді, деп жазды kazinform.

Жақында FlyArystan өзінің сертификатын алатынын атап өткім келеді. Бұл нормативтік талаптарды сақтауға және ұшу қауіпсіздігі үшін қажет. Яғни, акционерлердің корпоративтік құрылымын өзгертуге қатысы жоқ, – деді Питер Фостер.

Айта кетейік, FlyArystan – алғашқы қазақстандық лоукостер әуе компаниясы және Air Astana ұлттық тасымалдаушысының құрылымдық бөлімшесі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: