Сенбі, 23 қараша, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Көпір астынан өткен ғасырда жасалған мылтық табылды

11.08.2023

570 0

Өскемен қаласының іргесінен тағы да қару жасырылған орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, №17 түзету мекемесінің қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, қару жасырылған орынды анықтады.

Қару Самсоновка кентіндегі көпір астынан табылды. Сараптама көрсеткендей, бұл – ХХ ғасырда жасалған «ЗК» маркалы ағаш мылтықтың кесіндісі. Атуға жарамды.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша қару осы жерде екі жылдан астам уақыт сақталған. Бұл – тамыз айы басталғалы полицейлермен бірлесіп анықталған қару жасырылған екінші орын», – дейді түзету мекемесі бастығының орынбасары Ернар Ибраев.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен түрмесінде жазасын өтеуші жасырылған қару-жарақ туралы айтқанын хабарлаған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: