Сенбі, 21 желтоқсан, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көшеде бұралқы ит көрсеңіз, қайда хабарласу керек?

29.01.2023

664 0

Желіде Алматының бірнеше ауданында бұралқы иттер өріп жүр деген ақпарат тарады. Тұрғындар бұған наразылық білдіріп жатыр. Massaget.kz тілшісі көше кезген иттерді көргенде қайда хабарлау керегін анықтады. 

«Бұл мәселе бойынша тұрғындар +7708 595 6404 диспетчер нөміріне немесе 24 сағат жұмыс істейтін 109 нөміріне хабарласып, өтінішін қалдыра алады. Өтініш 5 күнде қаралады. Иттер Спасская 150/1 көшесінде орналасқан уақытша ұстау пунктіне жеткізіледі. Сол жерде ветеринарлар иттерді қабылдап, агрессияға тексереді, оларға екпе егеді. Бұдан басқа, біздің арнайы Instagram-парақшамыз бар. Сонда жоғалған иттердің қай жерде табылғанын көрсетіп саламыз. Қожайындары кез келген уақытта хабарласып, оларды алып кете алады», – деді Алматы «Қалалық ветеринария қызметінің» өкілі. 

Ведомство мәліметінше, Алматының кез келген тұрғыны ветеринария қызметінің Сall-орталығына мына нөмір бойынша +7 7085956401, + 7 708595 6402, +7 7273396843  хабарласып, үй жануарларын чиптей алады.

Сондай-ақ, жоғалған жануарларды сайт арқылы табуға болады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы іргесіндегі Абай ауылы мен Көкөзек кентінде иесіз ит өріп жүргені хабарланған болатын. 

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: