Кез келген қазақ балалық шағында ересектерден «батқан күнмен таласып ұйықтама» деген тіркесті естіген болар. Алайда барлығы бірдей бұл тыйымның себебін, мән-мағынасын түсіндіре бермейді. Тіпті бірі білсе, бірі білмес. Сондықтан бұл сұраққа дінтанушы Елнар Берікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Маманның айтуынша, күн батқан сәтте ұйықтау жан үшін де, тән үшін де қауіпті.
«Күн батқан кезде ұйықтауға тыйым салуға қатысты әр халықтың өзіндік түсіндірмесі бар, бірақ олардың бәрі бір-біріне ұқсас. Күн батқан сәтте ұйықтау жан үшін де, тән үшін де қауіпті. Қазақтар күн мен түннің ауысуы жақсылық пен зұлымдық, жарық пен қараңғы, өмір мен өлім арасындағы күрес деп санайды. Соңғысы жекпе-жекте үнемі жеңіске жетіп, әлемді қараңғылық басады. Түс қайтып, кеш басталған уақытта ұйықтау адамның өлімін жақындатуды білдіреді. Христиандардың, мұсылмандардың, пұтқа табынушылардың ілімдерінде күннің шығуы әрқашан өмірдің белгісі, сәйкесінше күннің батуы өлімнің белгісі. Негізі күн батқан сәтте кісіні ақтық сапарға шығарып салуға арналған барлық рәсім аяқталады, қайтыс болған адамның жаны қараңғыда жоғалып кетпес үшін басқа әлемге кетуге асығады. Дәл сол сәтте күн дискісі көкжиекке тигенде әруақтар ұйықтап жатқан адамдарға зиян тигізуі мүмкін.
Сондай-ақ, күн батқан кезде ұйықтаған адам таңғы 03.00-04.00 оянады, ал ғалымдардың сөзінше, егер адам күннің осы уақытында оянса, күннің ортасына қарай бас ауруын, шаршауды сезінуі мүмкін. Әлсіздік және ашуланшақтық болуы мүмкін. Әдеттегі режимдегі ауысым жұмыс өнімділігіне, әл-ауқатқа әсер етеді», – деп түсіндірді дінтанушы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!