Ақорданың баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімді еңбек демалысына шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін 8 шілдеде мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанын хабарладық. Туризм және спорт министрлігі өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып, қай салық алынғанын және қандай қызметтер ақылы болатынын нақтылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!