Сейсенбі, 26 қараша, 02:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет енді автонесиеге ақша құймайды

28.12.2022

625 0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, мемлекет бұл салаға біраз ақша құйды, көлік бәріне жетеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекет автонесиеге көп ақша құйды. Енді болашақта мұндай болмайды. Себебі қаржы жеткілікті. Қазір банктер ақшаны жинап, бірден 200-300 адамға кредит бергісі келеді. Ал оған бір-ай уақыт кетеді. Меніңше несиені күніне 1 адамға болса да беру керек,

— деді министр.

Министр Қайырбек Өскенбаевтың мәліметінше, 2022 жылы елімізде 110 мың отандық автомобиль шығарылған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 135 мыңға жетуі мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның даму банкі жеңілдетілген автокредит 2023 жылғы қаңтарда қайта беріле бастайды деп хабарлаған еді. Оған дейін банктер адамдардың ай сайынғы төлемдері арқылы 13 миллиард теңге жинап үлгереді. Бұл 1300 жаңа қарыз беруге мүмкіндік береді.

Осының алдында Сыртқы істер министрлігі Toyota компаниясы Қазақстанда бәсекелестікке шыдай алмайды деген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: