Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өзіңді тани біл: Бір қарағанда көзіңізге не түсті?

11.01.2023

1121 0

Адамның түпсанасы – әлі күнге толық зерттелмеген жұмбақ сала. Көптеген ақпарат миға көру арқылы жетіп, ми оны қорытып, біздің мінез-құлқымыз бен тұлғалық ерекшелігімізге орай нәтиже береді.

Мына психологиялық тест сіздің неден қорқатыныңызды, сізге не жетпейтінін және қалауыңыз не, болмысыңыз қандай, жан-дүниеңізде не боп жатыр, бәрін-бәрін дәл анықтайды. Сіз суретке жылдам көз тастайсыз да, ең бірінші көзіңізге түскен суретті таңдайсыз. 

Ал, кеттік! Бір қарағанда, көзіңізге не түсті?

Егер бір-біріне қарап тұрған қарт кісілерді көрсеңіз: сізге дәл қазір жақын адамдарыңызбен қарым-қатынас маңызды екен. Туыстарыңыздың жағдайы, көңіл-күйлері жақсы болғанын және сізге деген көзқарасы дұрыс болғанын қалайсыз.

Бұл тылсым сырдың белгісі. Сіз кейде өзіңізге қиындықтардан шығуға бір тылсым күштің көмектескенін сезесіз, бұл – бекер емес, сізге Жаратқанның жол көрсеткені, айналаңызға зер салыңыз деген белгісі. Айналаңыздағы адамдарға алғыс айтыңыз. Қуаныш сыйлағаны үшін де, берген сабақтары үшін де рақмет айта біліңіз. 

Егер сіз гитара тартып отырған екі ер адамды көрсеңіз: соңғы уақытта өміріңіз аласапыран боп, қиындықтар көп кездесіп жүр деген сөз. Аздап тынығыңыз. Өзіңізді сақтаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз немесе ештеңе істемей, демалып, күш-қуат жинаңыз. 

Сіз өте жылы, рухани бай әрі жайлы адамсыз. Бірақ осы сабырлы адамның арғы жағында күшті мінез жасырулы тұр. Бұл – өмір символы. Өзіңізге қуаныш сыйлаңыз. Сіз соған лайықсыз. Сізді жетістіктер күтіп тұр.

Егер сіз суретке қараған бойда бірден қызды, есікті және шамды байқаған болсаңыз: сіз – өз өміріңізді өзіңіз жасаушы жансыз. Өміріңіз қалай болғанын қаласаңыз, солай болады. Сондықтан ойыңызға, тілек-қалауыңызға абай болыңыз. Тілегіңіз жүректен шығуы тиіс. Қиындықтан қорықпаңыз. Өзіңізге сеніңіз, себебі, сіз – жаны таза, бар жақсыға лайық адамсыз. Жан тазалығын сақтап, бақытыңыз үшін күресуді тоқтатпаңыз. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: