Сенбі, 21 желтоқсан, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ойыншықтың да ойыншығы бар

01.06.2021

3541 0

– Әке, ойыншық алам.

– Өткенде алдық қой, қызым.

– Жаңа ойыншық бар екен, әке, менде ондай жоқ, Балжанда бар. Түрлі-түсті, өзі сондай әдемі. Екеуміз бірге ойнаймыз. Жұмыстан шаршап келгенде жүйкеңізді демалдырады.

– Мен сенімен демаламын қызым. Ал саған алдағы уақытта көрерміз…

– Мен саған қыз болмаймын, – деп Бегім қиғылық салды. Оның сұрағаны соңғы кезде балалар арасында көп сұранысқа ие болған антистресстік ойыншықтар.

Иә, бала дүниетанымының дамуына ай­тарлықтай ықпал жасайтын бірден-бір дүние – ойыншық. Сапалы әрі пайдалы ойыншық болса жақсы. Қазіргі кезде ойын­шық таңдау баланың өз еркінде. Себебі түрлі мультфильмдегі кейіпкерлер бейнесіндегі ойыншық жетерлік.

Ойыншық – баланың жан дүниесін тыныштандыратын, түрлі идея­лар тудыратын, мазасыздығын қалпына келтіретін бірден-бір құрал. Дегенмен қазіргі кезде қоғаммен бірге күннен-күнге түрленіп, жаңарып жатқан антистресстік заттар, әсіресе бала­ларға арналған ойыншықтар көбеюде. Бір ойлантарлығы, бесіктен белі шықпаған бал­дырғандарға жүйкені демалдыратын ойын­шық неге керек? Олар расымен көңіл-күйді ретке келтіреме, әлде жүйкені тоздыра ма деген екі ұшты сұрақ та бар.

Түрлі-түсті,  түрлі пішінде­гі силиконнан жасалған ойын­шықтардың жарнамасына қа­рамай-ақ алып жатамыз. Бір қызығы, мұндай ойыншықтар сұранысқа ие. Балалар ара­сында тіпті үлкендерге дейін қызықтырған, қазіргі тілмен айт­­қанда «хит» болған спиннер – ойыншығы. Яғни «саусаққа ар­налған жаттығу құралы». Аталған ойыншықтың түрлі заттардан жасалатынын аңғар­сақ,  бүлдіршін көзін, қолын жа­рақаттап алуы мүмкін екені белгілі. Одан бөлек: слайм, поп-ит, симпл-димпл, лизун секілді жүйке жүйені ты­ныштандырар дүниенің көп­тігі қызықтырады. Алайда олар­дың зиянын ешкім зерделеп жатқан жоқ. Кішкентайлардың тынышталғанына риза бола­мыз. Бұл ойыншық­тардың ара­сында, қазіргі уа­қытта сұ­ра­нысқа ие бірден бір ойын­шық – поп-ит пен симпл-димплдың қаупі әлдеқайда жоғары екендігін психологтар дәлелдеп отыр. Себебі интернет дүкендегі бұл ойыншықтың анықтамасында «Аутизммен ауыратын бүлдіршіндерге ар­­налған сенсорлық ойын­шық» – деп жазылған. Ал оның сапасыз материалдан жасалған арзан баламалары жүйке жүйесіне ғана емес денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Тіпті бұл ойыншықпен жалғыз, ереже­сіз, ойнаған баланың түрлі депрессияға түсу қаупі де жоқ емес… Психолог, «Bilim foundation» қоғамдық қорының аймақтық өкілдігінің басшысы Жұмагүл Тасболатқызы «Бұл ойыншықтар қалыпты балалар үшін тұрақты ойыншық­қа айналған жағдайда қауіп тудыруы мүмкін. Себебі ойын­шықтардың анықтамалы­ғына назар аударсақ аутизммен ауыратын балаларға арналған сенсорлық ойыншық екені анық көрсетілген. Бізге ата-ана ретінде дүкен сөрелерінде тұрған мұндай ойыншықтардың түпнұсқасы мен баламасын айыру қиын. Сол себепті бұл ойыншықтар тек психикаға емес бала денсаулығына зиян. Түрлі-түсті көз тартатын түсте, пішінде поп-ит, симпл-димпл, лизун деп аталып, қоғамдағы балалар ойыншықтары ішінде соңғы уақытта өтімді тауарға айналған ойыншықтардың ло­гикаға салып қарағанда бала дамуына ешқандай пайда әкелмейтінін байқаймыз. Ойын­шықпен ойнау барысында бір қимылды қайталай беретінін ескерсек, қимыл кейін әдет болып кетуі әбден мүмкін. Үлкендер арасында антистресс деп атайтын ойыншықтар еш­қандай стресске қарсы көмек береді деп айта алмаймын. Керісінше жалғыз ойнауға, бір қимылды қайталауға, бір нүктеге тапжылмай қарап отыруға үйрететін ойыншық депрессияға алып келуі  мүм­кін» – деп пікір білдірді. Сондықтан психологтар бұл ойыншықты балаларға алып бермеу керектігін айтып дабыл қағады.

Бүгінде мұндай ойыншық­тар кез келген дүкенде то­лып тұр. Балаларға арнал­ған ойыншықтар сата­тын дүң­гіршектердегі сатушының бірі Ақсұлу Пірназарова: «Поп-ит, симпл-димпл ойын­шықтарын алыпсатар­лардан көтерме бағамен аламыз, ба­лаларға ешқандай зияны жоқ, түрлі-түстілігімен, саусақпен басқанда шығатын дыбысымен ғана тұтынушылардың қызығу­шылығын оятады. Өзіме кел­ген бұл ойыншықтарды тұтыну­шылардың барлығына дерлік  ас содасымен салқын суға жуып алып барып ойнатуын кеңес етемін, келушілерге ашып көрсетіп, жағымсыз иісі жоқ екендігін тексеріп алуларын сұраймын» – деп жауап берсе, енді бірі «Тікелей тапсырыспен алдырамын, алыпсатарлардан алсам әлдеқайда қымбатқа түседі де саудадан ұтыламын. Бұл антистресстік ойыншықтар қала базарына алғаш келгенде 600 теңгеден бастап сатылымға шықты. Ал қазіргі бағасы 1000, 1500, 1700 теңгеге дейін көтерілді» –  деп жауап  берді.

Жәмила ЕРМАХАН,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: