Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қазақ аруы» байқауын өткізген Баян Алагөзованың басы дауға қалды

14.11.2024

618 0

Сурет: коллаж

Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен өткен “Қазақ аруы” байқауының нәтижесі анықталды.

Жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылды.

Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген.

Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Ақерке Серікжан иеленсе, ал үшінші орын алматылық Назерке Мырзағалиеваға бұйырды.

Биыл байқаудың ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағаны. Себебі бұған дейін кім Қазақ аруы атанатынын қазылар алқасы анықтаған.

Алайда желі қолданушылары байқаудың ұйымдастыру деңгейіне наразы. Сөздерінше, Telegram бот істемей, дауыс берілмей қалған. Сол себепті желі қолданушыларының көп бөлігі жеңімпаз әділ анықталмады деп санайды.

“Халықты алдап не керегі бар еді! Одан гөрі жюридің шешімімен болғаны дұрыс еді. Адамдардың сезімдерімен ойнағандай соншама жұрт дауыс бере алмай дал болды”, “Ақкербез жеңсе жеңсін, бірақ неге сол қызға ғана дауыс қабылданып, қалған қатысушыларға дауыс қабылданбады?”, “Көреалмаушылық емес. Бірақ биыл ең әділетсіз және қызықсыз өткен “Қазақ аруы” болды. Қазылар алқасы жиналып, ең лайықты адамды таңдағаны дұрыс еді” деп жазды желідегілер.

Ақпарат көзі: inbusiness.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: