Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында туннель табылды

03.07.2024

406 0

Сурет: видео скрин

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құпия туннель табылып, құны 1 миллиард сом тұратын дәрі-дәрмек тәркіленді, – деп хабарлайды gazeta.uz 

Өзбекстанда Қазақстан арқылы Үндістаннан сапасыз ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Жедел шараны Мемлекеттік күзет қызметі Шекара әскерлерімен және Кеден комитетінің «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенімен бірлесіп жүргізді.

Жедел іс-шара барысында дәрі-дәрмектің келесі партиясы Делиден Алматыға Ташкент арқылы транзитпен жеткізіліп, одан кейін Қазақстанның Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, шекаралас Достық ауылына жеткізіліп, жасырын туннель арқылы Өрікзорға тасымалданғаны анықталды. 

Ұзындығы 310 метр туннель Өрікзор махалласының 1975 жылы туған тұрғынының үйінен шыққан. Құпия туннель желдету және жарықтандырумен жабдықталған, сонымен қатар, жүк тасымалдауға арналған арбалар мен арқандар бар. 

Қылмыстық топтың күдікті мүшелерінен Үндістанда жасалған 107 атаудағы 17 048 қаптама есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде Альбумин, Ремдесивир, Меропенем және т.б. Олардың жалпы құны 1 миллиард сомнан асады.

Қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: