Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде азық-түлік қымбаттады

14.11.2024

299 0

Фото: pixabay.com

Қазақстанда көкөніс бағалары айтарлықтай қымбаттады, әсіресе картоп пен пияздың құны едәуір өскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазан айының соңында азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен бір жылда 4,9 пайызға қымбаттаған, кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы күрт өсті. Олардың қатарында көкөністер де бар. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, небәрі жеті күннің ішінде, яғни 5-12 қараша аралығында елімізде қырыққабаттың (3 пайызға) және пияздың (4,2 пайызға) орташа құны айтарлықтай өскен. Картоптың да бағасы біраз қымбаттады (1,7 пайызға), ал сәбіздің 0,2 пайызға ғана жоғарылаған. Қараша айының басынан бері бағаның өсіміне талдау жасасақ, 12 күнде көкөністер бағасы шарықтай түскен. Мысалы, пияз – 7,2 пайызға, ал картоп – 4 пайызға қымбаттаған. Қырыққабат болса соңғы аптада ғана қымбаттай бастады, сондықтан оның өсімі сол 3 пайыз деңгейінде қалды. Сәбіз құны ғана қазан айының соңындағы бағадан 0,7 пайызға арзандаған. Жылдық көрсеткіштерге назар аударсақ, жағдай мүлдем бөлек. Қазір қырыққабат бір жыл бұрынғыдан бірден 14,2 пайызға, ал сәбіз 13,5 пайызға арзандады. Ал пияздың қазіргі бағасы өткен жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға, картоп 25,4% пайызға жоғары.

Құбылмалы баға динамикасындағы барлық өзгерістерді ескере отырып, 12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда бір келі көкөністің орташа бағасы мынадай: картоп – 173 теңге; сәбіз – 149 теңге; пияз – 119 теңге; қырыққабат – 133 теңге. Бір қызығы, көкөніс бағасы қымбаттағанымен, кейбір азық-түлік өнімдері жылдан-жылға арзандап жатыр. Мәселен қарақұмық жармасы ай басталғалы 0,4 пайызға, ал бір жыл ішінде 34,4 пайызға арзандады. Сондай-ақ осы жыл ішінде күнбағыс майы (7,8 пайызға) және бірінші сұрыпты бидай ұнының (6,1 пайызға) бағасы төмендеді. Қазір қарақұмықтың келісі орта есеппен 214 теңге, ұн – 225 теңге, сары майдың литрі – 684 теңге. Орташа алғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір аптада 0,3 пайызға, ай басынан бері 0,5 пайызға, бір жылда 0,2 пайызға қымбаттады.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: