Сенбі, 21 желтоқсан, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда теледидар бағасы төмендеген

10.10.2024

344 0

Сурет: anatili.kazgazeta.kz

Елде теледидар бағасы төмендеді. Сауда нарығында мұндай өзгеріс кейінгі үш жылда алғаш байқалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Техниканың арзандауына не себеп? Халықтың сұранысы «көк жәшікке» шынымен азайып бара ма? Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сенсек, осы қыркүйекте теледидар бағасы күрт түсіп кеткен. 2021 жылдан бері алғаш рет 15%-ға жуық төмендепті. Кейінгі 3 жыл үшін бұл – рекордтық көрсеткіш. Себебі осы көктемде ғана ұлттық бюроның есебі бойынша теледидар бағасы 26,9%-ға, ал кейінгі бір жылда, яғни 2023 жылғы қыркүйекте бағаның 39 пайызға дейін өскені байқалған. 

Бағадағы мұндай өзгерісті техника сататын арнайы дүкен қызметкерлері сұраныстың азаюы деп түсіндірді. Иә, техникаға сұраныстың азайғаны байқалады. Халықтың көпшілігі: «Үйде теледидар көресіз бе?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді. 

Иә, теледидарға сұраныс азайды десек те, телеөнімге қызығушылық төмендей қоймаған. Себебі оны тамашалайтын техника түрі ауысты деген дұрысырақ. Қазір барлығы қалтада ұстайтын смартфонды серік етіп кеткен жоқ па? Керегін содан тауып, кез келген жерде көре береді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: