Сейсенбі, 26 қараша, 03:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар Таиландқа визасыз 60 күнге бара алады

17.07.2024

512 0

Сурет:pixabay.com

Қазақстан тұрғындары Таиландта визасыз 60 күн бол алады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Таиландтың Ішкі істер министрлігі 93 ел мен аумаққа, соның ішінде Қазақстан үшін визасыз режимді ұзарту жайлы шешім қабылдады. Бұған дейін Қазақстан азаматтары Таиландта тек 30 күн визасыз қала алатын.

«Бұл елдердің азаматтары Таиландқа туристік немесе қысқа мерзімді іссапарлар үшін визасыз 60 күн бола алады», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Трайсури Тайсаранакул.

Ол сондай-ақ тұрғындары Таиландқа келіп виза ала алатын елдердің саны 19-дан 31-ге дейін артқанын айтты. Жаңа визасыз режимнің арқасында Қазақстан және басқа да елдердің саяхатшылары Таиландқа келерде және келгеннен кейін виза алмай кіре алады. Десе де, олар шекарада бақылаудан өтеді және олардың паспорты тексеріледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: