Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

12.08.2023

516 0

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 12 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарқынды оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағайлы жаңбыр, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл күтіледі. ҚР батыс жартысына антициклон жотасы оз әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа рыйы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында 40-42°С өтте қатты ыстық сақталады. Күндіз Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-40°С қатты ыстық сақаталады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Абай облысының солтүстігінде, батысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақаталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: