Сейсенбі, 24 желтоқсан, 17:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қоян туралы қызықты деректер

27.12.2022

5860 0

1. Қоян мысық пен иттен кейінгі ең танымал үй жануары екенін білесіз бе?

2. Қоян мекен етпейтін жалғыз материк –  Антарктида. 

3. Қоян тек шөппен ғана қоректенеді деген жаңсақ түсінік қалыптасқан. Реті келсе қояныңыз етпен де қоректенеді.

4. Қоян 70 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады.

5. Ұрғашы қоян еркек қоянға қарағанда 2 есе ұзақ өмір сүреді.

6. Қоян қанша жыл өмір сүрсе, тісі де сонша жыл өсе береді. Қоян тісін үнемі қайрап отырады екен.

7. Қоянның іні  3 метрдей тереңдікке созылады. Сондай-ақ, бірнеше бөлмеден тұрады.

8. Екі аяғының ұзындығы әр түрлі. Сондықтан, жүгірген кезде маймақ сияқты болып көрінеді.Алдыңғы екі аяғының қысқалығы қоянды өрге қарай жақсы жүгіретін қасиетке икемдеген.

9. Қоян тез көбейеді. Бір көжектеген кезде  8-20 көжекке дейін тууы мүмкін. Сондықтан да жер бетінен жойылып кетпей жүрген болар. Орта есеппен 8-9 жылға дейін өмір сүре алады. 

10. Жер бетінде, қоянның отыздан астам түрі өмір сүреді.

11. Қоян судан, жаңбырдан қатты қорқады. Жаңбыр жауған кезде, құлақтарын жабады. Өйткені, құлаққа су кірсе, оның тұмауратып қалуы әбден мүмкін.

12. Иіс сезу және есту қабілеті жақсы дамыған. Бірақ, көздері нашар көреді. Қоянның миы кішкентай болса да, ол ақылды және тез ойланады. Қауіпті төнген кездерде, бұл қабілеттері оларға өте қатты көмектеседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: