Жұма, 27 желтоқсан, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Құндылық

16.01.2024

613 0

Сурет: tolkyn.kz

Әлемде әрбір ұлттың қастер тұтатын асыл мұрасы болады. Ол мұраның ғасырлар бойы құндылығын жоймай бүгінге жетуінің астарында да үлкен сыр бар. Оның сыры – әрбір отбасындағы құндылықтың өмірдегі тәрбие негізіне айналуында. Елдің ел болып қалыптасуы, қоғамның қарыштап дамуы, мемлекеттің биіктерге өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне байланысты.

Ұрпақ тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтың мемлекет деңгейінде дәріптелуі қашанда маңызды. 

Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ардақтау маңызды. Отбасы – мемлекетіміздің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер,  қанат жайып, түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамның бойындағы мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік  отбасындағы тәрбиеден бастау алады. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасы қағидасы. Себебі отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиетінің белгісі отбасында қалыптасады. Құтты шаңырағымыз бізге күш пен сенімділік беріп, қиындықтан сүрінбей өтуге көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, отбасы – барлық рөлі бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі.  Әр бала санасына салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, даналық сөзді, тыйым сөзді, тәрбиелік мәні жоғары үлгіні сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан алғанда отбасы ұлттың қадір қасиетін қалыптастырып, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы сіңіреді.

Бүгінде жас ұрпақтың тәрбиесінде теңдік және үйлесімділік секілді құндылық болуы маңызды. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, ұстазымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында рухани қасиет бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықты қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлт­тық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлт­­тық құнды­лықтың жоғары көр­сеткіші. Ал ұлт­тық құндылық дегені­міз не? Қарапайым тіл­мен айтқанда, белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән, адами қадір-қасиет, яғни ға­сырлар бойы жинақтаған ұлт­тық рухани және материалдық құндылық. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кіші­­пейілділік, салауаттылық, қайы­рым­дылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашы­лық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі: Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.

Халқымыздың ардақты перзенті Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігім­мен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» – дейді. Бұл дегеніміз бір адамның тағдыры, тәрбиесі күл­лі ұлттың тәр­биесіне байлау­лы деген сөз. Отбасы жеке құн­ды­­лықты қа­лып­­тастырудың қай­нар көзі, тәрбиенің бастауы, балалар санасына ұлттық құнды­лыққа деген көз­қарасты, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, даналық сөзді, тәр­биенің жоғарғы үлгісін сіңі­ретін де отбасы.

Қаламқас

КАРИМОВА,

Қызылорда облысы­­ әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат­­ жөніндегі комиссия хатшысы­­

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: