Жұма, 27 желтоқсан, 00:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қытайдан Қазақстанға тағы бір туристік пойыз қатынайды

29.04.2024

714 0

Сурет: stan.kz

Қазақстан мен Қытай арасында тағы бір жолаушылар пойызы жүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» басшылары және Сиань қаласы үкіметінің делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Туристік пойыздың жүруі «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн болады. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға қытайлық автокөліктердің импорты артып жатқаны туралы хабарлаған едік. Биыл қаңтар мен ақпан айларында елімізге Қытайдан 10,1 мың автокөлік әкелінген. 2023 жылдың осы айларымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе көп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: