Жұма, 27 желтоқсан, 07:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қытайлық CNPC мен «ҚазМұнайГазға» тиесілі мұнай компаниясы 36,4 млрд теңге дивиденд төлейді

23.07.2024

264 0

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы өз акционеріне 2023 жыл үшін 36,4 млрд теңге дивиденд төлейді. Бұл компанияға Mangistau Investments B.V. еншілес кәсіпорны арқылы Қытай ұлттық мұнай компаниясы `(CNPC) мен «ҚазМұнайГаз» ҰК теңдей иелік етеді.

Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарламада 1 қарапайым және артықшылығы бар акцияға 334 теңге дивиденд төленетіні жазылған. Артықшылығы бар акциялар үшін 363,8 млн теңге төленеді. Ал қарапайым акциялар бойынша 36 млрд теңге бөлінбек. Қаржы акционерлеріне 23-24 шілде күндері аударылады. Былтыр компания 85,4 млрд теңге таза пайда тапқан.

Мамыр айында «Маңғыстаумұнайгаз» көбірек мұнай өндіру үшін жүздеген ұңғыма бұрғылайтыны белгілі болған. Нақтырақ айтқанда, 2024 жылғы «Қаламқас кен орнын игеру жобасында» 392 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған. Оның ішінде 343 өндіруші ұңғыма және 49 сорып алу ұңғымасы бұрғыланады. Құжатқа сәйкес ұңғыманы бұрғылау жұмыстары 2024 жылы басталып, 2035 жылы аяқталады. Сонымен бірге компания 16 айдау ұңғымасы бар 6 учаскеде мұнай беруді арттыру үшін химиялық әдістерді қолдануды жоспарлап отыр.

Мұнай-газ сарапшысы Абзал Нарымбетов Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған кен орындарынан басқа кен орындарында мұнай өндіру көлемі төмендеп жатқанын айтады. Өйткені «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазгермұнай» компанияларына қарасты кен орындары ескірген.

Қазір «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жай акцияларының 100%-ы Mangistau Investments B.V. компаниясына тиесілі. Ал Mangistau Investments B.V. ұйымының 50% акциясын «ҚазМұнайГаз» бен Қытай ұлттық мұнай компаниясы (CNPC) иеленеді.

Ақпарат көзі:kz.kursiv.media

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: